29.3 C
Shymkent
Маусым 5, 2023
Қоғам Шымкент

АССАМБЛЕЯ МҮШЕЛЕРІ МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА АҒАШ КӨШЕТТЕРІН ОТЫРҒЫЗДЫ

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябақтағы «Достық» аллеясына ағаш көшеттерін отырғызды.

Сенбілікке қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшылығы, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, «Ассамблея жастары» ұйымы мен «Жастар рухы» қозғалысының өкілдері және «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері қатысты.

«Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген халық даналығын жадында ұстаған этнос көшбасшылары мен ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшылығы 18 түп көшет отырғызып, аллеядағы ағаштарды күтіп-баптау жұмыстарын үнемі назарда ұстайтынын жеткізді.

Айта кетейік, Наурыз мерекесі қарсаңында аталған аллеяға қалалық ассамблея мүшелері 100 түп ағаш көшетін отырғызған болатын.

Бүгінде Шыымкентте тұратын 1 192 120 (2023 жыл басындағы статистикалық дерек) халықтың 70,9 пайызын – қазақтар, 15,8 пайызын – өзбектер, 6,3 пайызын – орыстар, 1,8 пайызын – әзірбайжандар, 0,9 пайызын – татарлар және қалған 4,3 пайызын – өзге этностар құрайды.

Қалалық ҚХА жанындағы 17 этномәдени бірлестік пен 7 қоғамдық құрылым мемлекеттік саясат аясында кешенді жұмыстарды атқаруға жұмылдырылған.

«Мұндай акция күнделікті өміріміздегі біздің ортақ істеріміздің негізі болуы тиіс. Табиғат – адам баласына баға жетпес байлық пен мол қазынаның көзі, қоршаған ортаны таза ұстау бүгінгі жас ұрпақтың міндеті. Ағаш жайқалып көтерілуі үшін ондаған жыл қажет. Жерге өз қолымен көшет отырғызған адам табиғатқа ұқыпты қарайды әрі онымен тығыз байланысты сезінеді. Бұл шараға жүрегі елім, туған жерім деп соққан жастар да белсене араласып, туған өлке табиғатының көркеюіне үлестерін қосып, қарағай көшеттерін отырғызды», – дейді ұйымдастырушылар.

Қатысты жазбалар

АВИЦЕННА МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫН САҚТАУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

admin

«ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІ» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

admin

МЕГАПОЛИС ХАЛҚЫНЫҢ ӨМІР САПАСЫН ЖАҚСАРТУ МАҚСАТЫНДА ҚОЛЖЕТІМДІ ОҚУ КУРСТАРЫ ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰР

admin

Пікір қалдыру