23.3 C
Shymkent
Қазан 2, 2023
Басқада Жаңалықтар

ЕҰУ СТУДЕНТІ ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ПАУЭРЛИФТИНГТЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Әлеуметтікғылымдар факультетінің 2 курс студенті Нинель Аблаева жасөспірімдер арасындағыпауэрлифтингтен әлем чемпионатында жеңіскежетті. Ол 57 келі салмақ дәрежесінде үздік дептанылыпхалықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын сәтті қорғадыБұл әлемчемпионатына 55 елден 600-ден астам спортшықатысуда.

ЕҰУ студенті Нинель Аблаева еліміздің ұлттыққұрама қоржынына тағы да алтын медаль салды. Ол үш жаттығуда 400 келіні еркін бағындырып, өзсалмақ дәрежесінде ең жақсы нәтиже көрсетті: отырып көтеру – 155 кг, сығымдап көтеру – 82,5 кг, жұлқа көтеру – 162,5 кг және халықаралықдәрежедегі спорт шебері атағын қорғады.

Нинель Аблаева былтыр пауэрлифтингтенөткен чемпионатта екі алтын медаль жеңіп алды. Ол спорттың бұл түрімен екі жылдан беріайналысады. Бұған дейін ЕҰУ студенті төрт  жылқоян-қолтық ұрыс бойынша еліміздің намысынталай жарыстарда табысты қорғады. Нәзік жанспорттың бұл түрі бойынша әлемнің күмісжүлдегері және Азия чемпионы, спорт шеберіатағына ие, сондай-ақ қоян-қолтық жекпе-жектенспорт шеберлігіне кандидат.

Айта кету керек, пауэрлифтингтен әлемчемпионаты Румынияның Клуж-Напок қаласындаөтіп жатыр. Оған 14 жастан 23 жасқа дейінгіспортшылар қатысуда.

ЕҰУ-нің баспасөз орталығы

Қатысты жазбалар

АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАР СҰРАҒЫНА ЖАУАП БЕРДІ

admin

Шымкентте сапалы электрмен қамтылған елдімекендер саны арта түседі

admin

Шымкентте «Бизнестің жол картасы» бойынша 1000 жобаға қолдау көрсетіледі

admin

Пікір қалдыру