Қоғам Соңғы жаңалықтар Шымкент

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖАҢА ЖОБАЛАРҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Бүгін Ташкент қаласында өткен «Қазақстан- Өзбекстан» өңіраралық бизнес-форумында сауда-ынтымақтастықты дамыту жөнінде екіжақты келісімдерге қол қойылды.
Аталған іс-шара Мемлекет басшысының Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапары аясында ұйымдастырылып отыр. Форумға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин, өңір әкімдері, Өзбекстан Республикасы Үкіметінің өкілдері, кәсіпкерлер қатысты

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, екіжақты тауар айналымын, сауда-экономикалық байланыстарды нығайту көзделген. Серік Жұманғариннің айтуынша, жыл басынан бері 10 айда тауар айналымы 4,1 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 35 пайызға артып отыр.
Жиын барысында сауда-экономикалық қатынастарды кеңейту мәселелері талқыланып, жалпы 40-тан астам келісім құжаттарына қол қойылды. Негізінен, инвестициялық жобалар құрылыс, химия, жеңіл өнеркәсіп саласына тиесілі.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов іскерлік форумда баяндама жасап, Өзбекстан Республикасымен ынтымақтастық, экономикалық байланыстар артып келе жатқанын атап өтті.
– Шымкент қаласының Өзбекстан Республикасымен тауар айналымы бес жылда екі есе өсті. Соңғы екі жылда қалада төрт жоба іске қосылды. Бүгінгі форумның нәтижесінде инвестициялық бағытта 3 үш үлкен жобаға келісім жасалды. Инвестицияның жалпы құны – 190 млн АҚШ доллар. Олар негізінен құрылыс, фармацевтика және тоқыма өндірісі бағытта, – деді қала әкімі.

Айта кетсек, Шымкент қаласында Өзбекстан Республикасымен бірлескен ауқымды фармацевтикалық зауыт ашылмақ. Алдымен жобаның бірінші кезеңі іске қосылады. Екінші кезеңін 2023-2025 жылдары іске асыру жоспарлануда. Жобаның жалпы құны – 21 млн АҚШ доллары. Кәсіпорын өнімдері бірінші кезекте ішкі нарықты қамтамасыз етеді.

Қатысты жазбалар

Макрон НАТО әскерін Украинаға жіберу туралы сөзіне түсініктеме берді

AdiletTV

Ақтөбе облысында 4 жасар бала еріген суға батып кетті

AdiletTV

Қазақстан тазалық жағынан Намбия, Габон және Зимбабведен қалып қойды – сенатор

AdiletTV

Пікір қалдыру