Шырайлы Шымшаһарымызда мобильді қосымша арқылы 1434 некені тіркеуге ұсыныс, 60 мыңнан астам бала туу туралы куәлік алуға, 160-қа жуық ЖШС-гін тіркеуге өтінім берілген. Бұл туралы ҚР Әділет вице-министрі Бекболат Молдабековтың Шымкент қаласы тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді. Сондай-ақ, жиын барысында заң саласында түрлі сұрақтар қойылып, халықтың көкейінде жүрген түйіткілді мәселелер жайы талқыланды.
Қала тұрғындарымен кездесу сұрақ-жауап форматында өтті. Жиналған халық өздерін толғандырған сауалдарын жолдады. Осы орайда, зияткерлік меншік объектісіне, «Электрондық Үкімет» порталында көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу, мемлекет кепілдік берген заң көмегі бойынша мәселелер көтерілді. Сондай-ақ, алимент өндіру, жеке сот орындаушыларының қызметіне қатысты сөз қозғалды.
Тұрғындарды толғандырған түрлі сауалдарға жауап берген вице-министр мәселелердің Заң аясында шешімін табатынын жеткізді. Бұл ретте, кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп жатқан көрінеді. Онлайн отырыс барысында халық тарапынан ұсыныс-пікірлер де айтылды.
Халықпен кездесу соңы баспасөз брифингімен жалғасын тапты. Өз кезегінде вице-министр әділет заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға да тоқталып өтті. Солардың бірі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында іске асырылған «Digital Justice» жобасы. Аталған қосымшада «цифрлық нотариат», «Е-заң көмек», «аттестаттау реинжинирингі», «Е-атқарушылық іс жүргізу», «Онлайн дауыс беру және осьті тіркеу» қызметтері қосылған.
Айта кетейік, бүгінде АХАЖ саласындағы рәсімді жеңілдету аясында туу туралы куәлікті алу рәсімін жеңілдетіп, оны электронды форматқа аударылғанын, енді құжатты электрондық үкіметтің ресурсы немесе Kaspi және Халық банкінің мобильдік қосымшалары арқылы ХҚКО-ға бармай-ақ алуға болады. Бүгінгі таңда«eGovmobile» қосымшасында халыққа әділет органдары ұсынатын 37 мемлекеттік қызмет қолжетімді.