23.3 C
Shymkent
Қазан 2, 2023
Жаңалықтар

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНДЕ АРДАГЕР-ҰСТАЗҒА ЕРЕКШЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Шымкент қаласындағы №45 сайлау учаскесінде шәкірттер ұстазын туған күнімен құттықтап, ерекше тосын сый жасады. Зейнекүл Үсенова – №52 мектеп-лицейінің ардагер-ұстазы. Математика пәнінің мұғалімі аталған білім ордасында 40 жыл ұстаздық етіп, зейнеткерлікке шыққан. Ардагер ұстаздың туған күні – сайлау күнімен тұспа-тұс келді.

–Ел Президентіне даусымды беріп, азаматтық борышымды орындадым. Бюллетенді салып болғаным сол еді, шәкірттерім гүлімен алдымнан шықты. Туған күнімді ұмытпапты. Осылай қос қуанышты сезініп жатырмын, — деді ұлағатты ұстаз толқынысын жасыра алмай.

Зейнегүл Үсенова тәрбиелеп шыққан шәкірттер бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде еліміздің дамуына үлес қосып жүр.

–Ұстазымыздың туған күні – 20 қараша. Мектеп кезінде де, кейін апайымыздың туған күнін ұмытпай құттықтап тұратынбыз. Зейнегүл апайдың туған күні сайлаумен қатар келіп, сайлау учаскесінде қуантқымыз келді, – дейді шәкірті Әсел Мәлік.

Қатысты жазбалар

Шымкентте екі жылда барлық елдімекен сапалы ауыз сумен қамтылады

admin

Шымкентте былғары және оған жататын өнімдер өндіретін кәсіпорындар көп

admin

Шымкентте сумен қамту деңгейі биыл 98 пайызға жетеді

admin

Пікір қалдыру