29.3 C
Shymkent
Маусым 5, 2023
Шымкент

ТАУАРДЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУШІ 6 КӘСІПОРЫНҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

Қала аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуші 45-тен астам кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың негізгі бағыты ұн, макарон, ірімшік, сары май, айран, шұжық, консерві өндіру.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үлесін арттыру мақсатында биылғы жылы 3 сүтті қайта өңдеуші кәсіпорындар іске қосылады. Қазір «Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау» бағдарламасы арқылы сүтті қайта өңдеп қатты ірімшік пен сары май өндіруші 6 кәсіпорынға мемлекеттік қолдау көрсетіліп, жыл сайын өнімдердің қуаттылығы артты.
Сондай- ақ, Шымкент қаласының Қайнарбұлақ тұрғын алабы ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу бойынша жалпы ауданы 132 гектар «Бозарық» тамақ өнеркәсібінің индустриялық аймағын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылатын индустриялық аймақтың инженерлік-инфрақұрылымдық желілерін биыл аяқтау жоспарлануда.
«Бозарық» өндірістік аймағы іске қосылған жағдайда құны 18 млрд. теңгені құрайтын 27 инвестициялық жобалар жүзеге асатын болады.

Сондай-ақ, қала әкімі «Қайнар бұлақ» шағын ауданының инфрақұрылымымен де танысты. Мұнда қазір елдімекенді табиғи газбен қамту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Газдандыру құрылысы алдағы жылы аяқталады. Нысан толық пайдалануға берілгенде 28 мыңнан астам абонент табиғи газға қосылады.

Бұдан бөлек, Шымкентте жалпы алаңы 306 га құрайтын жаңа «Жұлдыз» индустриалды аймағы құрылуда. Жаңа аймақта құрылыс, металлургия, фармацевтика және жиһаз өнеркәсібі саласындағы жобалар іске асырылады.

Сондай-ақ, жалпы алаңы 136 га құрайтын «Тепличный рай» агро-индустриалды аймағын құру жұмыстары басталды. Аталған агро-индустриалды аймақта өнеркәсіптік жылыжайлар мен ауыл шаруашылық саласындағы жобалар жүзеге асырылатын болады.

Пікір қалдыру