17.3 C
Shymkent
Маусым 5, 2023
Жаңалықтар Өңір Соңғы жаңалықтар Шымкент

ШАҺАР БАСШЫСЫ ҚАР ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН ТЕКСЕРДІ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қар тазалау жұмыстарын жүргізіп жатқан арнайы бригадалардың жұмысын көріп, тексерді. Аудан әкімдері мен жауапты басқарма басшыларына сын-ескертпелер айтып, нақты тапсырмалар жүктеді. Әрбір істің сапалы орындалуын талап етті.

Бүгін орталық көшелер, аяқжолдар мен аялдамаларды тазалауға 1351 адам, қар тазалау бойынша мердігер мекемелерден 139, оған қосымша 48 техника жұмылдырылды. Оның ішінде камаз, трактор, Газ 53, погрузчик, грейдер бар.

Техникалық ерекшеліктерге сәйкес жалпы орталық 443 көшенің 372-і, яғни 793 шақырымы тазаланды, қалған 71 көшеде жұмыстар жалғасуда.

Айтып өтейік, қазіргі кезде 5 ауданда 22 бағыт бойынша қардан тазалау жұмыстары жүргізілуде. Бүгіннің өзінде қаладан 10959 м3 қар шығарылды.

Қатысты жазбалар

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы: 2500 азамат 3 ай мерзімге оқуға жолданды

admin

Екі жасар қызын Түркияға емдетуге алып барған қазақстандыққа оқ тиді

admin

«Е-өтініш» ақпараттық жүйесі мемлекеттік органдар қызметіне жүгінуді жеңілдетеді

admin

Пікір қалдыру