23.3 C
Shymkent
Қазан 2, 2023
Басқада Бейне жаңалықтары Жаңалықтар Шымкент

Шымкентке жаңа әкім тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Шымкент қаласының әкімі болып Ғабит Сыздықбеков тағайындалды, деп хабарлайды ADILETTV.KZ. Ғабит Сыздықбеков 1980 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң университетін, РФ СІМ Дипломатиялық академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы ҚР СІМ Мемлекеттік протокол қызметінің атташесі қызметінен бастаған.
2005-2006 жылдары – ҚР СІМ Мемлекеттік протокол қызметінің үшінші хатшысы; ҚР СІМ Еуропа және Америка департаментінің үшінші хатшысы,
2006-2007 жылдары – ҚР СІМ Кеңсесі баспасөз қызметінің үшінші хатшысы; екінші хатшысы,
2007-2011 жылдары – ҚР Парламенті Сенатының аппаратында түрлі лауазымдарды атқарған.

2011-2012 жылдары – ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің басқарма басшысы,
2012-2017 жылдары – Франция Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің кеңесшісі, 2017 жылғы тамызда ҚР СІМ Әкімшілік және бақылау департаментінің кеңесшісі болды.
2017-2019 жылдары – ҚР Парламенті Сенаты төрағасының кеңесшісі; ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара іс-қимыл бөлімінің меңгерушісі,
2019 жылғы мамырдан бастап қыркүйекке дейін – ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі,
2019 жылғы қыркүйектен бастап қазіргі таңға дейін Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін атқарған.

Қатысты жазбалар

Шымкентте мерейтойға орай 5 өндірістік жоба іске қосылады

admin

Шымкент эконмикасының даму қарқыны жоғары

admin

ШЫМКЕНТТЕ ЖҮРЕК АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ЖАСАЛМАҚ

admin

Пікір қалдыру