17.3 C
Shymkent
Маусым 5, 2023
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ МӘҢГІЛІК АЛАУҒА ГҮЛ ШОҚТАРЫ ҚОЙЫЛДЫ

Шымкент қаласында 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесі жоғары деңгейде атап өтілді. Мерекеге орай Абай саябағында орналасқан Даңқ монументіндегі Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Оған Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов пен қалалық мәслихаттың төрағасы Бахадыр Нарымбетов, соғыс және тыл ардагерлері мен қаза болған жауынгерлердің ұрпақтары, әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері де қатысты.

Жиналған көпшілік Ұлы Отан соғысы жылдарында майданда қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, олардың рухына тағзым етті.

Айта кетейік, 1941-1945 жылдары Шымкент қаласы мен оңтүстік өңірден 140 мыңнан астам жауынгер соғысқа аттанып, олардың жартысына жуығы туған жеріне қайта оралмаған.

Гүл шоқтарын қою рәсімінен кейін қала әкімі М.Әйтенов Абай саябағы аумағында арнайы жасақталған далалық-әскери лагерьге келіп, соғыс және тыл ардагерлерімен бірге театрландырылған қойылымды тамашалады. Онда өнерпаздар майдан даласынан көріністер қойып, соғыс жылдарының әйгілі әндерін шырқады.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ҰОС ардагерлері Абылай Қазыбаев, Нина Егорқызы Мосунова, Мұраталы Төлепбергенұлының шаңырақтарына арнайы барып, қарт майдангерлерді құттықтап қайтты.
Әрқайсысы ғасырға жуық ғұмыр кешкен, ұрпақ жадында өшпестей із қалдырған абыз қарияларымыздың өмір жолы бір дастан. Жастық шағының ең аяулы күндерін қиянкескі жорыққа арнаған ата-апаларымызға Мұрат Дүйсенбекұлы құрмет көрсетіп, ізгі тілегін жеткізді. Отбасына келген қала басшысын жылы шыраймен қарсы алған аңыз ақсақалдарымыз ақ батасын беріп, барша шымкенттіктерге бейбіт өмір мен елімізге жарқын болашақ тіледі.

Қонақтар «Майдан даласы» алаңына бет алып, Ұлы Отан соғысы және тыл еңбеккерлеріне арналған әскери өмірден театрландырылған көріністерді тамашалады. Қанды соғыс жылдарын бейнелеген қойылымдар көпшілікке ұмытылмас әсер сыйлады. Қонақтарға майдандағыдай «дала ботқасы» ұсынылды. Өнерпаздар зұлмат кезеңді тақырыпқа арқау еткен “Катюша”, “Ана туралы баллада”, “Жеңіс күні”, “Кестелі орамал” әндерін әуелете шырқады.


Айта кетейік, Ұлы Отан соғысына Шымкенттен 23 мыңнан астам азамат аттанды. Қазіргі таңда қалада 3 ардагер 2 мыңнан аса тыл ардагері тұрады.

Қатысты жазбалар

Шымкент : Әл-Фараби ауданындағы үйлер жаңартылады

admin

Шымкентте қоғамдық орндар тегін Wi-Fi желісімен қамтылған

admin

1 қыркүйектен бастап ағылшын тілі оқытылмайды

admin

Пікір қалдыру