17.3 C
Shymkent
Маусым 5, 2023
Шымкент

ШЫМКЕНТ: АРҒЫНБЕКОВ КӨШЕСІ ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Арғынбеков көшесіндегі құрылыс жұмыстардың бір бөлігі аяқталып, халық игілігіне пайдалануға берілді. Сондай-ақ жолайрықтың құрылыс жұмыстары 2023 жылдың соңына дейін толық аяқталады. Бұл туралы Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұхтар Қоқанбаев баспасөз отырысында мәлімдеді.

Шымкенттің жаңа өркениет биігінде қарыштап дамуы ең әуелі жол инфрақұрылымын барынша дамыту міндеттеріне үлкен жауапкершілік   жүктелген.  Қала үшін ең маңызды мәселенің бірі – жол сапасы мен көшедегі көлік қозғалысын реттеу болып табылады. Бұл бағыттар  бойынша қалада жол құрылыс жұмыстары  қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі таңда Шымкент қаласының аумағына кіретін жолдардың жалпы ұзындығы 3247,6 шақырым. Қаладағы асфальт жолдың жақсы және қанағаттанарлық үлесі 67,4% пайызды құрап отыр. 

Статистикаға сәйкес, Шымкент қаласы автокөлік көбеюі жағынан елімізде көш бастап тұрған қалалардың бірі. Осыған орай, соңғы жылдары қалада жол құрылысы бұрын соңды болмаған қарқынмен дамуда.  Мысалы, 2022 жылдың қорытындысымен 287,8 шақырымға жол құрылыс жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Қонаев – Рысқұлов көшелерінің қиылысындағы жолайрықтың құрылысы толығымен аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Сондай-ақ, қаланың оңтүстік бағыттағы жалғыз кірме-шығыс жолына жүктемені азайту мақсатында 15,5 шақырымдық Қонаев даңғылының жалғасы салынуда. Нысан 6 кезеңнен тұрады.

Көлік саласы бойынша 2020 жылы Шымкент қаласының жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасы бекітілген. Схемаға сәйкес, 78 бағытта қоғамдық көліктер жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсетеді. Шымкент қаласында жалпы 1000-ға жуық  автобус, 10 автопарк бар. Қоғамдық көліктердің 90% пайызы жаңартылған. Бұл дегеніміз елімізде қоғамдық көліктердің жаңалануы мен сапасы жағынан алдыңғы қатарда. Қазіргі таңда, әлеуметтік мәні бар маршруттардың тізімімен 75 маршрут айкындалған. Сатылған көлік карталарының саны 700 мыңнан асады, ал күнделікті транзакциялар саны жұмыс күндері – 380 мың, демалыс күндері – 200 мыңды  құрап отыр.

Шымкентте 1886 аялдама орны бар. 2020 жылдан бері жаңа типтегі аялдама павильондарын орнату жұмыстары жүргізіліп келеді. Қазіргі таңда, жаңа аялдама павильондарының үлесі 35,5% құрайды. 2023 жылы 250 аялдама павильонын орнату жоспарлануда.

Пікір қалдыру