Биылғы Шымкент қаласында бекітілген жоспарға сәйкес, «Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне» электронды еңбек шартын енгізу межесі 3 898 мекеме мен кәсіпорында, жалпы 62 506 еңбек шартын енгізілу белгіленген.
Бүгінгі таңға тиісті жұмыстар атқару барысында барлық кәсіпорындар мен ұйымдардағы еңбек шарттарының электронды нысанда жасалуы тұрақты бақылауға алынып, түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде 1829 кәсіпорында 37 0000 еңбек шарттары арнайы жүйеге енгізіліп, бекітілген жоспардың орындалуы 59% құрады.
Биыл Шымкент қаласы бойынша 1 681 ұжымдық шарт Басқармадан мониторингтен өткізілді. Ұжымдық-шарттық қатынастар жүйесімен қамтылған кәсіпорындардың үлесі (ірі және орта кәсіпорындар арасында) орындалу көрсеткіші 86,5% бекітілген болса, орындалу деңгейі– 98,3% құрады. Қабылданған ұжымдық шарттардың 558 – мемлекеттік мекемелер, 1 126 – жеке кәсіпкерлік субъектілері. Мемлекеттік мекемелердің ішіндегі ұжымдық шарттың түзілу көрсеткіші: ірі – 62 (жалпы 65) немесе 95,4%, орта – 162 (жалпы 162) немесе 100%, шағын – 331 (жалпы 331) немесе 100%. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің ішінде: ірі – 70 (жалпы 75) немесе 93,3%, орта – 166 (жалпы 166) немесе 100%, шағын – 890 (барлығы 3049) немесе 27,8%. Қаламызда 24 296 заңды тұлға тіркелген болса, оның 3 848 белсенді жұмыс атқаруда. Белсенді жұмыс атқаратын заңды тұлғаларға шаққанда түзілген ұжымдық шарттың деңгейі 43,69%.
Мемлекет басшысының 2020 жылғы 22 қазандағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде жұмыскерлер еңбегінің қауіпсіздігін және қорғалуын бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған «Халықтық бақылау» жобасын ірі кәсіпорындарда енгізу туралы тапсырма берілген. Бүгінгі күнге қаламыздың 18 кәсіпорын жобаны енгізді.
Сондай-ақ, 2019 жылы 17 маусымда Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы және Қазақстанның атқарушы органдары арасында «Vision Zero – Нөлдік жарақат» тұжырымдамасын ілгерілету бойынша өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум жасалған. Атқарылған шаралар нәтижесінде тұжырымдамаға қаламыздағы 140 кәсіпорын қосылды.
Қаламыздағы кәсіпорындар мен мекемелерде тұрақты түрде қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында мониторинг жүргізіліп отырады. Жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша бүгінгі күнге қаламыздағы 1 452 кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі бойынша өндірістік кеңестер жұмыс жүргізіп жатқан болса, жыл басынан бері зиянды және қауіпті 43 жұмыс орындарына еңбек қауіпсіздігі бойынша аттестациялау жүргізілді, жалпы 482. Сондай-ақ, қаламыздағы 112 кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша халықаралық және ұлттық стандарттар енгізілген. Өңіріміздегі 3 кәсіпорынның қызметі декларацияланып, «Сенім сертификаты» тапсырылды.