23.3 C
Shymkent
Қазан 2, 2023
Қоғам Өңір Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЖАСАЛАТЫН ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА ОҚУШЫЛАРҒА САБАҚ ӨТІЛДІ

Кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты жасалатын құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында Шымкент қаласындағы №8 мектепте оқушылармен кездесу өтті.

Іс-шарада Әл-Фараби АПБ ЖПҚБ Ювеналды полиция бөлімшесі инспекторы полиция аға лейтенанты Сәбит Шабданұлы Палжанов балаларға құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша сабақ өткізді. Жасөспірімдер арасында кеңінен тараған заң бұзушылықтың алдын алу, темекі оның ішінде электронды шылым және сабаққа кешігу мәселелері сөз болды. Сондай-ақ түнгі уақытта яғни сағат 22:00-ден кейін ойынхана мен кафе, кинотеатр мекемелерінде ата-анасының қарауынсыз жүрген жағдайда айыппұл төлейтіндері туралы ескертті. Тәлім мен тәртіптің маңыздылығы кеңінен талқыланып, қылмыс пен құқықбұзушылықтар үшін қарастырылғанын жауапкершілік түрлері түсіндірілді.

«Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейкесті мәселелердің біріне айналып отырғанын, жалпы құқық тәртібін бұзуға бейім балалар, қоғамдық тәртіпті бұзған, қылмыс жасап ішкі істер бөлімдерінде есепте тұрған балалардың басым бөлігі жайсыз отбасылардан шығатынын, ал келесі тобы кейбір ата-аналардың бала тағдырына алаңдамауынан, оларды өз беттерінше қалдырып, мектептен бос уақыттарында немен шұғылданып жүргендерін қадағаламауынан орын алады», деді полиция аға лейтенанты.

Кездесу аясында полиция майоры қазіргі кездегі қоғамдағы құқықбұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар жайлы сөз қозғады. Жиынға қатысқан оқушылар мен ұстаздар қонақтарға өз көкейлеріндегі сауалдарын қойып, оған толыққанды нақты жауаптар алды.

Сонымен қатар, Шымкентте тәртіп сақшылары мектеп оқушыларына заңды құқықтары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қазіргі уақытта отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бұл жағдай баланың дамуына және оның өмір бойы басқа адамдармен қарым-қатынасына кері әсер етуі мүмкін.

Осы ретте Еңбекші ауданы Полиция басқармасы Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Жұлдыз Тасқұлова мектеп оқушыларымен кездесу өткізді. Іс-шара барысында балаларға отбасылық-тұрмыстық қатынастардағы олардың заңды құқықтары бойынша түсіндірілді.

Полиция қызметкері оқушыларға мұндай жағдайларда олар әрдайым мектеп психологына, сондай-ақ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторға жүгіне алатындығын еске салды.

«Тұрмыстық зорлық – бір адамның екінші адамға немесе туыстарының бірінің екінші туысына зорлық-зомбылық, зәбір көрсетуі. Отбасылық қарым-қатынастағы құқыққа қайшы әрекеттердің басым бөлігі жасырын түрде қалып қалады. Сондықтан бұл жағдайда қорықпастан, міндетті түрде «102» арнасына немесе «111», «150» қауырт желілеріне хабарласу қажеттігін ескертеміз», – деді полиция капитаны Ж.Тасқұлова.

Сөз соңында оқушылар арнайы мамандарға сауалдарын жолдап, өзара пікір алмасты.

Қатысты жазбалар

ШЫМКЕНТТЕ СПОРТ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

admin

Желіде Тұрлыхановтың ұлының әйелді ұрып талдырған видеосы тарады

admin

ШЫМКЕНТ: ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ГАЗБЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ 94,7 ПАЙЫЗҒА ЖЕТПЕК

admin

Пікір қалдыру