Шымкентте «ТОЛЫҚ АДАМ: КӘСІБИ МҰҒАЛІМ.ҰЛЫ ҰСТАЗ» атты Республикалық мұғалімдер форумы өтті. Аталмыш шараның мақсаты Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармалары мен мұрасын педагогтарға кеңінен таныстырыу. Өскелең ұрпаққа адамгершілік, адалдық қасиеттерді меңгертудің тиімді әдіс-тәсілдерін талқылау. Республикалық деңгейінде өткен шараға Мегаполистегі 100-ден астам білім ұяларынан білікті де білімді 600- ге жуық ұстаздар қатысты.
Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек – жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі – білім беру, ғылымды дамыту. Бұл әрине алдымен сол білімді беретін ұстаздардың біліктілігі мен тәжірибесіне байланысты. Елдің болашағы саналатын жас ұрпаққа сапалы білім саналы тәрбие беруде ұстаздардың атқаратын рөлі айрықша. Осыған байланысты педагогтердің кәсіби капиталын жетілдіру және негізгі идеясын тәжірибеде қолдану мақсатында Республика деңгейінде онлайын жане офлайын форматта ұстаздар Форумы өтті. Қалалық білім басқармасының әдістемелік орталығының директоры Меруерт Асқарбекқызы мұндай бас қосулардың педагогтарға берері мол екендігін тілге тиек етті. Хакім Абайдың өмір баяны насихатталып, шығармашылық мұрасы кеңінен таныстырылған шарада заманауи озық техналогиялардың тиімділігі де айтылды. Сонымен қатар, оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын арттырудың ең жақсы жолдары көрсетіліп, мұғалімдер өзара тәжірибе алмасты. Аталмыш бас қосуға Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясының қызметкерлері, Астана, Алматы қалаларының, Әдістемелік орталықтардың әдіскерлері, сонымен қатар, өзге өңірлердің оқытушылары мен ғалымдары жалпы айтқанда 250 – ге жуық маман Онлайн түрде қатысты. Олар форумда өз тәжірибелерімен бөлісіп, құнды баяндамаларын ұсынды.
Шара барысында Ақтау, Тараз қалаларының ұстаздары Шымкенттік педагогтарға арнайы видео ролик жолдап, ізгі ниеттерін білдірді. Форум соңында ұлылықты бойына жинаған, бүкіл әлемдік білім бәсекесінде топ жарған зияткер ұрпақты тәрбиелеген, республикалық деңгейде Абай Құнанбаевтің туындыларын дәріптеуде жоғары нәтижеге қол жеткізген, ұлағатты ұстаздарымыздың жыл бойы атқарған үздік жұмыстары қорытындыланып, арнайы дипломдармен марапатталды.