23.3 C
Shymkent
Қазан 2, 2023
Шымкент

ШЫМКЕНТ: МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕРГЕ МЕРЕКЕЛІК КЕШ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ

Биыл соңғы қоңырау 31 мамырда соғылады. Сондай-ақ, оқу жылының аяқталуына байланысты, бітірушілердің өмірі мен денсаулығын қорғау, құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында оқу жылын аяқтау шараларын ұйымдастыруға қатаң түрде тыйым салынған. Ал, қаулыға бағынбағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3 және 7 айлық есептік көрсеткішпен айыппұл арқалайды. Бұл туралы Шымкенттің бас ұстазы Жанат Тажиева баспасөз отырысында мәлімдеді.

Үшінші мегаполисте биыл 11 653 бала 11 сыныпты аяқтап, жаңа өмірге қадам басады. Олардың 316-сы «Алтын белгіге» үміткер болса, «Үздік аттестатқа» үміткерлер саны 641-ді құрап отыр. Бұл ретте жоғары сынып оқушылары мектеп бітіру кешін асыға күтетіні белгілі, өйткені аталмыш шара жастардың жаңа өмірге қадам басқанын білдіреді. Алайда, биыл түлектердің бітіру кеші тек мектептерде өтеді. Яғни тойхана мен қала сыртында тойлауға қатаң тиым салынған. Ал, ескертуді елемегендер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сондай –ақ, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 31-ші мамыр мен 1 маусым кұндері қалада арнайы рейд жүргізіліп, барлық бейнебақлау камералары жіті бақлауда болады. Яғни, қаладағы мейрамханалар мен демалыс орындарында түлектердің бар-жоғы анықталады.

Биыл мектеп бітіруші түлектер соңғы қоңырау мерекесімен бірге 1-ші маусым балалар күнін де атап өтетін болады. Айтаулы күнге орай мектептер өз деңгейінде әр-түрлі тақырыптарда іс-шаралар ұйымдастырады. Бірақ, тек білім ордасының базасында өтуі тиіс. Қалалық Білім басқармасының басшысы Жанат Арысбекқызы бұл шешім балалар қауіпсіздігі өте маңызды. Әр баланы келеңсіз оқиғалардан қорғауымыз қажет. Бас ұстаз бұл шешімді оқушылардың ата-аналары түсінсе екен дейді. Ал түлектерге салтанатты аттестат табыстау рәсімі барлық мектептерде 20-22 маусым күндері өтетін болады.

Бұдан бөлек 2023 жылдың жаз айында балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында аз қамтылған отбасының балаларына қала сыртындағы жазғы сауықтыру лагерлеріне тегін жолдама беріледі. Ағымдағы жылы Шымкентте 154 270 оқушының жазғы демалысын тиімді өткізу шаралары жоспарланған. Бұл қаладағы мектеп оқушыларының 64,8 пайызын қамтуда. Балаларды сауықтыру, жетілдіру, дамыту және бос уақытты тиімді өткізу мақсатында қала сыртындағы лагерлерде демалдыру үшін қала бюджетінен 308,5 млн. теңге қаралған. Оның ішінде, әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына басымдық берілген.

Пікір қалдыру