23.3 C
Shymkent
Қазан 2, 2023
Шымкент Экономика

Шымкент экономикалық аймақтары

Шымкенттің экономикалық аймақтары мегаполистің әлеуметтік-экономикалық қызметін жандандыруға, отандық және шетелдік инвестицияларды тартуға ықпал етеді.

Қазіргі уақытта Шымкенттің төрт экономикалық аймағының аумағында құны 185 млрд теңгеден асатын 130 жобаны іске асыру және 8000-нан астам жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Жауапты мемлекеттік құрылымдардың ақпаратына сәйкес, әрбір экономикалық аймақта келесі ұйымдастырушылық және өндірістік іс-шараларды өткізу жоспарлануда:

– ауданы 306 гектардан асатын «Жұлдыз» индустриялық аймағында инженерлік инфрақұрылым құрылысы жүргізілуде. Бұл аймақта 200 млрд теңгенің 50-ден астам ірі инвестициялық жобасы жүзеге асырылады деп күтілуде.

Жаңа жұмыс орындарымен бес мыңға жуық адам қамтылатын болады. 17 жобаға жер телімдері берілді, инвесторлар жұмысқа кірісті.

Жалпы ауданы 132 гектар болатын «Бозарық» Агро-индустриялық аймағының негізгі бағыты – ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу. Инфрақұрылым құрылысы жүргізілуде. 21 жоба іске асырылады. Жер учаскелері 7 млрд теңгеге алты жобаны іске асыру үшін берілді.

– «Оңтүстік»арнайы экономикалық аймағын айтарлықтай кеңейту көзделген. Ол үшін қосымша 175 га жер телімі белгіленді, онда құны 150 млрд теңге болатын және үш мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құрумен 30-дан астам ірі жоба іске асырылатын болады.

Қазақстандағы алғашқы «Стандарт» жеке индустриялық аймағы шағын және орта бизнес субъектілерін тарту бойынша түрлі жұмыстар жүргізуді жоспарлап отыр. Инвестор өз қаражаты есебінен жалпы ауданы 176 мың шаршы метр болатын өндірістік алаңдар салып, оларды ШОБ субъектілеріне береді. Кәсіпкерлерге қаржы институттары мен Мемлекеттік бағдарламалар арқылы қолдау көрсетіледі.

Қатысты жазбалар

Орталық Азияда құрғақшылықтың беті қайтпай тұр

admin

ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ СУБСИДИЯЛАУ – АУЫЛ ШАРУШЫЛЫҒЫНА СЕРПІН БЕРУГЕ СЕПТІГІН ТИГІЗЕДІ

admin

Тағы да қымбатшылық: наурызда инфляция қай өңірде күрт өсті

admin

Пікір қалдыру