29.3 C
Shymkent
Маусым 5, 2023
Шымкент

ШЫМКЕНТ: «5-20-25» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ ИПОТЕКА РӘСІМДЕГЕН 100 АЗАМАТҚА САТЫП АЛУ КЕЛІСІМ ШАРТЫ ТАБЫСТАЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған және «5-20-25» мемлекеттік бағдарламасы аясында ипотека рәсімдеген 100 азаматқа тұрғын үй басқармасының мамандары пәтердің сатып алу келісім шартын табыстады. Оның ішінде көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар, мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлері, халықтың әлеуметтік әлсіз тобы санатындағы азаматтар бар. Аталған тұрғын үйлер Нұрсәт шағын ауданында орналасқан №152,153,154,155-ші үйлер.

Аталған тұрғын үйлер бойынша келісім шарт жасаспаған азаматтар болса, қалалық Тұрғын үй басқармасына келіп сатып алу келісім шартын жасаса алады.
Бұдан бөлек Шымкентте жыл басынан бері тұрғын үй кезегінде тіркелген 1293 азамат ипотекалық негізде Отбасы банк арқылы баспанаға қол жеткізген болатын. Оның ішінде, 1079 пәтер «5-20-25» бағдарламасы бойынша, 250 пәтер «2-10-20 Бақытты отбасы» бойынша рәсімделген.

Айта кету керек, «5-10-20» бағдарламасымен баспаналы болғысы келетін азаматтардың тұрғын үй кезегінде тұруы міндетті. Несие мөлшерлемесі – 5 пайыз; бастапқы жарна – 10 пайыз, ол үміткердің Отбасы банкі шотында жиналған болуы тиіс; қарызды өтеу мерзімі – 20 жылға дейін есептеледі.

«Шын мәнісінде, “5-20-25” формуласы 2016 жылдың желтоқсан айынан бері жұмыс істейді. Біз Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ретінде бұл формула бойынша 20% көлемінде бастапқы жарна болған жағдайда жылдық 5% мөлшерлемесімен несие береміз. Бағдарлама іске асырылғаннан бері біз жалпы сомасы 150 млрд теңгеге 19 800 займ бердік. Бұл ретте бюджеттен 93 млрд теңге бөлінді. 57 млрд — қайтарымды ресурстар немесе тұрғын үй бағасынан 50% жинаған адамдардың ресурстары болды». ҚР ИИДМ мәліметтері бойынша Қазақстанда үш жылда 30 мың несиеге берілетін тұрғын үй, 21 мың жалға берілетін тұрғын үй салынатынын айта кетейік, «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 5 мың тұрғын үй беріледі квазимемлекеттік сектор 20 мыңға жуық тұрғын үй салады.

Пікір қалдыру