Қоғам

Агробизнесте кластерлі жобаларға басымдық берілуде          

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов аграрлардың жағдайымен танысып, ауыл шаруашылығындағы кластерлі жобаларды қадағалады, – деп хабарлайды adilettv.kz ақпарат агенттігі jasqazaq.kz сайтына сілтеме жасап.Бадам тұрғын алабының шаруалары 6,5 гектар алқапқа құлпынай өсіруде. Өнім көлемін арттыру үшін бүгінде шаруалар бірігіп, ауыл шаруашылығы кооперативін құруда. Алдағы уақытта егістікті 30 гектарға арттыруды көздеп отыр.

Маусымдық жұмысқа кіріскен шаруалардың жағдайымен танысқан қала әкімі жауаптыларға тауарларды тікелей тұтынушыларға жеткізуді қамтамасыз ету үшін алқап маңындағы жол жиегінен көшпелі сауда орындарын ұйымдастыруды тапсырды.

Сондай-ақ, Мұрат Дүйсенбекұлы Сайрам тұрғын алабында орналасқан жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдейтін «Дары Сайрама» ЖШС-де болды. Бүгінде кәсіпорынның 5 гектарлық алқабында жүзім өсіріледі. Қазіргі таңда мұнда 40-қа жуық адам жұмыс істейді. Кәсіпорын жылына 7 мың тоннаға дейін жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеп, тосап, шырынның түр-түрін өндіреді.

Қала әкімі жауаптыларға кластерлік жобаларға басымдық беріп, мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырды.

Қазақстан балық ресурстарына өте бай. Елдің экономикалық дамуында балық шаруашылығы ерекше рөл атқара алады. Соңғы уақытта бұл салада үлкен жұмыстар атқарылуда. Қазақстан өзінің бай және бірегей табиғатының арқасында балық шаруашылығының айтарлықтай қуатты қорына ие. Бұл бағытта экспорттық әлеуеті де жоғары. Президенттің тапсырмасына сай республикада Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту» жөніндегі ұлттық жоба әзірленгені мәлім. Жоба аясында ішкі нарықты 80 пайыздан астам деңгейде азық-түлік тауарларымен молайту және агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспортын 2 есеге ұлғайту көзделген.

Қатысты жазбалар

«ҰЛТ ҮНІ» ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

admin

Қазақстан айырбастау пункттеріндегі 6 наурыз күні таңертеңгі валюта бағамдары

AdiletTV

ҰҚК Өзбекстанмен шекарадағы үлкен кезектерді түсіндірді

AdiletTV

Пікір қалдыру