Басқада

БАЛАБАҚША ТӘРБИЕШІСІНІҢ ЖҮКТЕМЕСІ ТӨМЕНДЕТІЛЕДІ

Үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептер, мектепке дейінгі білім беру мекемелердегі орын тапшылығы, мектеп оқушыларының шамадан тыс жүктемесі, ауыл мен қаладағы білім беру сапасындағы теңсіздік мәселелері бар. Еліміздің әрбір тұрғыны сапалы білімге қол жеткізе алуы тиіс. Сондықтан «AMANAT» партиясы осы саладағы мәселелерді түбегейлі шешуді көздейді. Бұл туралы Шымкент қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Қайрат Имашевтың, Бахтияр Спановтың, Тахирбек Нишанбаевтың «Арофат» балабақшасы ұжымымен өткен кездесуде айтылды.

Жалпы ел аумағында партия кемінде 1,2 миллион оқушы орнын және балабақшаларда 300 мың орын ашуды қамтамасыз етеді.

–        Балабақша педагогі, білім беру ұйымының басшысы мен мектеп кітапханашылары үшін еңбекақы төлеудегі теңсіздіктер жойылады. Біз 2028 жылға қарай 2-ден 6 жасқа дейінгі балалары бар барлық мұқтаж отбасыларды 300 мың жаңа орыннан тұратын мектепке дейінгі білім беру ұйымымен қамтамасыз етеміз. Осылайша, мектеп жасына дейінгі балаларды толық қамту жүзеге асырылмақ. Біз 100 мың балабақша тәрбиешісінің жүктемесін дамыған елдердегі жүктеменің орташа деңгейіне дейін, яғни 2 есеге төмендетеміз, – деді өз сөзінде Бахтияр Спанов.

Кездесу соңында кандидаттар қала тұрғындарын 19-наурызда өтетін сайлауға қатысып, дауыс беруге шақырды.

Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарының

сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT»

партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Қатысты жазбалар

Абай облысындағы орман өртіне байланысты қылмыстық іс қозғалды

AdiletTV

ШЫМКЕНТТЕ «SEN» АТТЫ ЖАС ӘЙЕЛДЕР ФОРУМЫ ӨТТІ

admin

​ШЫМКЕНТ – АРМЕНИЯ АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ БАЙЛАНЫС ОРНАТЫЛАДЫ

AdiletTV

Пікір қалдыру