Өңір Соңғы жаңалықтар

БАЛАЛАР ЖЫЛЫ: БІЛІМДІ ҰРПАҚ  – ЕЛ БОЛАШАҒЫ

2022 жылды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балалар жылы деп жариялады. Осыған орай биыл балаларды қорғауға, сапалы біліммен қамтуға, мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығын нығайтуға, инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр.

Осыған орай, қаламыздағы Әл-Фараби Кітапханасы «Ақерке» балалар залында «Оқитын отбасы – ұлт болашағы» жобасы аясында «Оқуға құштар жанұя» атты Бөрібековтер отбасымен кездесу кеші өтті.

Шара барысында Бөрібековтер отбасының қазыналы қариясы Таңсық апа өздерінің отбасылық кітап оқу әуестіктері, оқыған кітаптары және кітап оқудың пайдасы туралы керемет пікірлер айтып, отбасында әр жұма сайын оқыған кітаптарын талқылайтынын айта келіп, көпшілікті кітап оқуға шақырды. Отбасының үлкен келіні отбасындағы баланы кітап оқуға тарту дәстүрі жайлы өнегелі әңгіме өрбітті. Ал кішкентай бүлдіршін Айсезім өзі оқыған ертегілерінен үзініділер айтып, «Қошақаным» әнін орындап берді.

Қазақстанның жарқын болашағы өз қолымызда, яғни ел тағдырына бей-жай қарамайтын,  нағыз отаншыл, ниеттес, мүдделес азаматтардың қолында. Мен Мемлекет басшысы ретінде өскелең ұрпақтың болашағына баса мән беремін. Жастарға зор үміт артамын. Жастарымыз атқарылып жатқан ауқымды жұмыстың, реформалардың игілігін міндетті түрде көреді. Олардың арасында көзі ашық, көкірегі ояу, ойы ұшқыр азаматтар аз емес. Біз өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасауымыз керек – деді Мемлекет басшысы.

Сол кезде Мемлекет басшысы: «Әңгіме жалаң ұран мен мерекелік шаралар туралы емес. Бірінші кезекте билік тарапынан балаларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз»,-деген еді.

Міне, содан бері осы салаға жауапты министрлік өкілдері елімізде балаларға арналған бірнеше жобалар әзірленді.

Қатысты жазбалар

АРНАЙЫ ОҚЫТУДАН ӨТКЕН МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫ АРАСЫНАН ҚАЛАДА АЛҒАШ РЕТ БАЛАЛАРҒА КЕҢЕС БЕРУ ҮШІН ОН ПЕДИАТРИЯЛЫҚ МОБИЛЬДІ БРИГАДА ҚҰРЫЛДЫ

admin

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҚЫЛМЫС ПЕН ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

admin

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ЖҮЙКЕ АУРУЛАРЫМЕН ДИСПАНСЕРЛІК ЕСЕПТЕ 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ БАЛА ТҰРАДЫ

admin

Пікір қалдыру