Спорт

«БІЗДІҢ ПОЛИЦИЯ» – СПОРТ ДОДАЛАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ ҚАНАТ НУРОВ

35 жастағы Қанат Нуров – Шымкент қаласы Полиция департаменті қолға алған «Біздің полиция» жобасының кезекті кейіпкері де қызметтік міндеттерін мінсіз атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, құқық тәртібін қамтамасыз етуге үлес қосқан тәртіп сақшысы.. 1987 жылы Отырар ауданында дүниеге келген ол – бала кезден спортпен айналысқан. 2013 жылдан бастап ішкі істер органында қызмет атқарып келе жатқан азамат, спорт саласында айрықша биіктерді бағындырып келеді.

Кәсіби дене даярлығы, сабырлы болмыс және қатаң тәртіп. Қанат Кәрібайұлы өз жетістіктерінің бастауын осы үш қасиетпен байланыстырады. Бойындағы осы қызығушылық киіннен мамандық таңдап, өмірлік кәсібін анықтауға септігін тигізген. Қазіргі таңда самбо және қазақша күрес, сондай-ақ қоян-қолтық ұрыстан спорт шебері.

Қызметке кіріскен кезден бастап аймақ абыройын боз кілемде қорғап, артылған үмітті ақтауға тырысқан. Бірінші спорттың самбо күрес түрімен, кейіннен қоян-қолтық ұрыспен айналыса бастаған. Мәселен, самбо күресінен 2007 жылы Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанып, Ташкентте ұйымдастырылған Азия чемпионатына жолдама алған. Бірақ, Монғолиялық қарсыласына жол беріп екінші орынды иемденген. Белград қаласында өткен әлем чемпионатында қоржыны қоламен толығып, 3-орынды қанағат еткен. 2015 жылы Ішкі істер министрлігі қызметкерлерінің арасында ұйымдастырылған қоян-қолтық ұрыстан бірінші орын иегері атанып, бұл жетістігін төрт рет қайталап, үздіктер сапында болды. 2019 жылы Елорда төрінде өткен самбо күресінен «2019 әлем кубогінің жеңімпазы» атанып, 2021 жылы Тараз қаласында өткен Қазақстан кубогінде 2 орынды қынжығасына байлап, Азия чемпионатына жолдама алған.

Қызмет бабына байланысты үнемі дене дайындығын пысықтап отыратын Қанат Кәрібайұлы алдағы уақытта да әлемдік ареналарда ел намысын қорғай бермек. Сөз соңында үлгілі полицей өз ізбасарларына ағалық кеңесін айтып, барша жастарды спортпен айланысуға шақырады.

«Өмірлік тәжірибеме сүйене отырып жас спортшыларға айтарым –байрақты додаларда аты оза шауып, асығы алшысынан түссе де тасымаған жөн. Қандай сайыс болмасын бағы мен бабы келіскен шын жүйрік үздік атанатыны анық. Сондықтан елдің кемел келешегі жігерлі де қайратты азаматтардың қолында спортты және Отанды сүйіңіздер дегім келеді» – дейді, спорт шебері.

 

 

Қатысты жазбалар

Нганну мен Джошуа арасындағы жекпе-жектің қорқынышты нокаутының видеосы: жаңа бұрыш

AdiletTV

IV всемирные игры кочевников

admin

ШЫМКЕНТТЕ БОКСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

admin

Пікір қалдыру