Қоғам Өңір Соңғы жаңалықтар

ГАЗ ЖАБДЫҒЫН ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ ТУРАЛЫ ҚАЛА КӨШЕЛЕРІНДЕ 15 БИЛБОРД ОРНАТЫЛДЫ

Бұл туралы Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Мадияр Есенгелдіұлы мәлімдеді.

  • Газ жабдығын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін сақтау туралы қала көшелерінде 15 билборд орнатылды, интернет-ресурстарда, баспада қауіпсіздік бойынша материалдар жарияланды, қаланың 7 сауда орталығында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, кинотеатрларда (көрсету басталғанға дейін), телеарналарда бейнероликтерді көрсету жұмыстары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, тұрғын үй секторын аралау кезінде арнайы дауыс зорайтқыш құрылғылары арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Барлық үгіт-насихат, түсіндірме жұмыстары әлеуметтік желілерде (instagram, telegram,facebook.), Төтенше жағдайлар министрлігі мен Департаменттің сайттарында жарияланды.

Қала аумағында жалпы саны 308210 адам қамтылған 31 мың 780 үй араланып, 11245 адам қамтылған 192 жиын ұйымдастырылды, түсіндірме жұмыстары жүргізілді және арнайы әзірленген  жаднамалар таратылды.  Сонымен бірге үй аралау кезінде ТЖД қызметкерлеріне   101 үйдің иесі есік ашпаған, 1 мың 255 адамға ескерту жасалынды, 178 кемшіліктер (газ құрылғыларды орнату тәртібін сақтамаған, ауа тартқыш арнасының болмауы, газ құрылғыларды уақытылы тексеруді жүргізбеу ) анықталып, 169-ы сол мезетте қалпына келтірілді.

Жылу беру кезеңінің басынан бастап 24 цифрлық телеарналарды ұстап алу арқылы тәулігіне екі рет тақ күндері улы газбен уланудың алдын алу бойынша аудиороликтер шығарылды.

Департаменттің және құрылыс басқармасының бастамасы бойынша жұмыс жобасында көп қабатты тұрғын үйлердің пәтерлерінде газ дабылқаққыштар орнату көзделген және құрылыс компанияларымен 2020-2022 жылдары аралығында 6494 датчик орнатылды.

Айта кетейік, Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті 2021-2022 жылғы жылу беру маусымында қала аумағында 56 өрт тіркеген, 2020-2021 ж.ж. (61 өрт тіркелген)  жылмен салыстырғанда өртттердің саны 11%-ға азайған. Материалдық шығын 86 млн. 895 мың теңгені құрады. Өрттерден 2021-2022 ж.ж жылу беру маусымында 1 адам қайтыс болып, жарақат алғандар тіркелмеді.  Сонымен қатар, 2021-2022 жылдары улы газбен улану жағдайлары тіркелмеген, ал табиғи газбен улану бойынша 4 жағдай тіркеліп, нәтижесінде 3 адам қайтыс болып, 1 адам жарақат алды.

Улану жағдайларының негізгі себептері газ қазандығының дұрыс жұмыс жасамауы, мұражаларының жоқ болуы, газ колонкасын пайдалану ережелерін бұзу, ауа тартқыш арнасының бітелуі.

Қатысты жазбалар

ШЫМКЕНТ: АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ «ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП» ЖОБАСЫНА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРДІ

admin

Ақтөбедегі мектеп бухгалтері 413 миллион теңгені қалай ұрлағаны белгілі болды

AdiletTV

«АВИЦЕННА» КОЛЛЕДЖІНДЕ ҮЙІРМЕЛЕР КӨРМЕСІ ӨТТІ

admin

Пікір қалдыру