Басқада Қоғам Соңғы жаңалықтар

«Ертегідегідей өмірмен арбайды». Қыздар шетелде жыныстық күңдікке қалай түседі?

Жыл сайын Қазақстаннан ондаған қызды жыныстық қызметке салу үшін шетелге алып кетеді. Қазақстан шетелге «тірі тауар» шығаратын елге айналып барады. Бақылаушылардың пікірінше, ел билігі адам саудасына қарсы күрестің қарапайым стандарттарын сақтамай отыр. Адамдарды құлдыққа тартатын азаматтар заңсыз әрі табысы мол бизнесті қалай жүргізеді? Олардың құрығына кімдер ілігеді? Адам саудасына қатысты қылмыстарды дәлелдеу неге қиын? Азаттық осы және өзге де сұрақтар төңірегінде адамдарды құлдықтан құтқарып, жаңа өмірге бейімдеумен айналысатын «Сана Сезім» қоғамдық бірлестігінің заңгері Бехзод Тулаевпен сөйлесіп көрді.

Қазір Шымкент сотында адам саудасына қатысты іс бойынша сот процесі жүріп жатыр: 16 адамға араб елдеріне жезөкшелікпен айналысатын қыздар жеткізу жолдарын ұйымдастырды деген айып тағылып отыр. Жәбірленушілер қатарында ондаған қыз, оның ішінде кәмелетке толмаған балалар да бар.

Шымкенттегі сот ісі — заңсыз адам сату-сатып алу тізбегінің барын растайтын көп мысалдың бірі ғана. Сарапшылар қазақстандықтарды Еуропа мен Азиядан бастап, Латын Америкасына дейінгі әртүрлі мемлекетке алып кететінін айтады. Дәлел жинаудың қиындығы, заңдағы кемшіліктер, жемқорлық пен басқа да факторларға байланысты мұндай қылмыстар көбіне жазасыз қалады.

Былтыр Қазақстан полициясы адам саудасына қатысты 72, 2019 жылы 45 іс тіркеген. АҚШ мемлекеттік департаментінің осы айдың басында жарияланған жаңа есебінде осындай деректер қамтылған. Құжатта «Қазақстанда құлдыққа тартатын адамдары бар ұйымдасқан қылмыстық топтар мен адам саудасымен айналысатын шағын желілер елдегі және шетелдегі притон басшыларымен бірлесіп жұмыс істейді» делінген. АҚШ Қазақстанды адам саудасына қарсы күрестің минимал стандарттарын толық сақтамайтын, бірақ ахуалды жақсарту үшін бірқатар шара қолданып отырған елдер қатарына жатқызады. Кейінгі бес жылда адам саудасына қатысты жабылған немесе тоқтатылған 250 істі тексеру кезінде жәбірленушінің құл иеленушіден қорқуына байланысты кей іс бойынша тергеу жұмыстары баяу жүргені, 35 істің негізсіз жабылғаны анықталған.

30 шілде бүкіләлемдік адам саудасына қарсы күрес күні Азаттық Шымкенттегі «Сана Сезім» үкіметтік емес ұйымының заңгері, сарапшы Бехзод Тулаевпен сұхбатын жариялап отыр. Сарапшы жұмыс тәжірибесінде кездескен хикаялар, жәбірленушілермен және олардың туыстарымен болған әңгімелер негізінде құлдыққа тартумен айналысатын азаматтардың ықтимал құрбандарды қалай үгіттеп, қандай әдістермен құрығына түсіретінін айтып берді.

Қатысты жазбалар

ТЕМІРЖОЛШЫЛАР НАУРЫЗ МЕЙРАМЫН ТҮРКІСТАНДА ТОЙЛАДЫ

AdiletTV

Бәрі элита үшін ме? Көшедегі шамдардың орналасуы Ақтау тұрғындарын таң қалдырды

AdiletTV

ЕҢБЕК АДАМЫ БЕЙНЕСІНДЕ – ШЫМКЕНТ МЕДИЦИНАСЫНДАҒЫ НЕВРОПАТОЛОГ

admin

Пікір қалдыру