Қоғам Соңғы жаңалықтар

ЖОЛДАУ ЖАСТАРҒА ЖІГЕР БЕРДІ

«Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі. Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасты жұмысқа орналастыруымыз керек. Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсету жалғасады. Оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Бұл шаралар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті болуына ықпал етеді» – деді мемлекет басшысы.

Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастарға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын насихаттау жұмыстары жүргізілді.

Жастар ресурстық орталығының басшысы Мағжан Шыңғысұлы ауданға қарасты жастар мен жасөспірімдерге Президент жолдауын кеңінен түсіндіріп өтті. Жастар «Жаңа Қазақстанның» келешек келбетін қалыптастыруда. «Жаңа Қазақстан» дегеніміз – барлық адамға тең мүмкіндік беру, экономика мен саясаттағы жасанды монополияларды жою, елдің саяси өміріне белсене араласатын мықты азаматтық қоғамы бар тиімді әрі өркениетті мемлекет құруға әрбір жасты өз үлесін қосуға шақыру.

Кәсібилік пен еңбекқорлық қоғамымызда ең жоғары орында тұруы қажет. Тағы да қайталап айтамын. Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Мен Ұлттық құрылтайда және «Жастар рухының» съезінде бұған арнайы тоқталдым. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек. Қандай кәсіппен айналыссаң да, оны сапалы атқару маңызды. Жастар нақты бір мамандықтың қыр-сырын жетік білуге ұмтылғаны жөн. Өз саласының шеберіне әрдайым сұраныс болады. Өскелең ұрпақ Қазақстанда ғана емес, өзге елдерде де бәсекеге қабілетті болуы керек.   Көрші мемлекеттің азаматтары шетелге барып, жұмыс талғамай еңбек етіп жатыр. Олар біздің елде де өте жақсы табыс тауып жүр. Шын мәнінде, ең бастысы – адал еңбек. Біз мұны жете түсінетін ұрпақ тәрбиелеуге тиіспіз. Идеология жұмысында осыған баса мән берген жөн. Айтып өткендей Президентіміз ел игілігі жолындағы жауапты жұмысты бірге атқаруды жастарға насихаттады. Сондай-ақ, жастар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, сұрақтарына жауап алды.

Қатысты жазбалар

Жер сілкінісі: Алматыда сирена естіледі

AdiletTV

Тоқаев Әзербайжанға мемлекеттік сапармен барады

AdiletTV

Қайтарымсыз грант иегерлері өнімдерін жәрмеңкеде ұсынды

admin

Пікір қалдыру