Жаңалықтар

Инвестициялық штаб отырысында 10-нан астам жаңа жобалар ұсынылды

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. Жиында жаңа жобалар мен өзекті мәселелер, 2021 жылдың 9 айында негізгі капиталға салынған инвестициялардың игерілуі және хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы талқыға түсті.

«Zoom» жүйесі арқылы инвесторлар жаңа жобаларын ұсынды. Негізінен құрылыс, сауда, әлеуметтік нысандар, көпқабатты тұрғын үй бағытында, жалпы 10-нан астам жоба таныстырылды.

Атап айтқанда, трансформатор және электр техникалық құрылғылар өндіру зауыты, «Құрылыс Сервис – СК» ЖШС темір-бетон бұйымдары, Luhta компаниясының киім сауда үйі, «Мельнично-промышленная компания» ЖШС қоймалар, сауда және логистикалық ғимараттар, «S.V.U.group» ЖШС автосалон және автоқызмет, «GREEN CROSS ECO» ЖШС инсулинді инелер өндірісі, «NTR» ЖШС-нің көпқабатты тұрғын үй, Сайрам тұрғын алабында 1200 орындық мектеп құрылысы, 1200 орынға лайықталған зияткерлік Diplomat School мектебі құрылысы жобалары ұсынылды.

«Тассай» индустриалды аймағында орналасқан «GREEN CROSS ECO» ЖШС жылына 200 млн дана шприцтерге арналған инсулинды инелер шығаруға мүмкіндігі бар. Бүгінде құрылыс монтаж жұмыстары 100 % толық аяқталды. Қазір иженерлік жүйелермен қамту жұмыстары атқарылуда. 

Жоба құны 600 млн теңге құрайтын темір-бетон бұйымдары өндірісінің басшылары инфрақұрылым жүйелерін тартып беруді сұрады.

Ал трансформатор және электр техникалық құрылғылар жобасын 2022 жылы жүзеге асыру жоспарланып отыр. 1,02 млрд теңге инвестиця тартылмақ. Кәсіпкерлерге «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақтан жер беру қарастырылуда.

Жаңа өндіріс орындары қаламыз үшін маңызды екенін айтқан қала басшысы ұсынылған жобаларға қолдау көрсетілетінін айтты.

Қатысты жазбалар

Көк-Жайлауға үлкен қар көшкіні түсті: желіде видео пайда болды

AdiletTV

Орталық стадионда Almaty Copa Run үшінші рет өткізілді

AdiletTV

Шымкентте 300-ге жуық көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі

admin

Пікір қалдыру