Қоғам Өңір Соңғы жаңалықтар

ТӘЛІМ МЕН ТӘРТІПТІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН КЕҢІНЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ

Кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты жасалатын құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында Шымкент қаласындағы №13 мектепте оқушылармен кездесу өтті.

Іс-шарада Әл-Фараби АПБ ЖПҚБ Ювиналды полиция бөлімшесі инспекторы полиция майоры Бахрам Мавланов балаларға құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша сабақ өткізді. Жасөспірімдер арасында кеңінен тараған заң бұзушылықтың алдын алу, темекі оның ішінде электронды шылым және сабаққа кешігу мәселелері сөз болды. Сондай-ақ түнгі уақытта яғни сағат 22:00-ден кейін ойынхана мен кафе, кинотеатр мекемелерде ата-анасының қарауынсыз жүрген жағдайда айыппұл төлейтіндері туралы ескертті. Тәлім мен тәртіптің маңыздылығын кеңінен талқыланып, қылмыс пен құқықбұзушылықтар үшін қарастырылғанын жауапкершілік түрлері түсіндірілді.

Кездесу аясында полиция майоры қазіргі кездегі қоғамдағы құқықбұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар жайлы сөз қозғады. Жиынға қатысқан оқушылар мен ұстаздар қонақтарға өз көкейлеріндегі сауалдарын қойып, оған толыққанды нақты жауаптар алды.

Сонымен қатар, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері білім беру ұйымдарында жоғарғы сынып оқушыларына арнап, зиянды есірткі тұтынудың және нашақорлықтың алдын алу мақсатында жүйелі жұмыстар атқаруда. Кезекті іс-шара Шымкент қаласындағы №7 мектеп-лицейінің қабырғасында жалғасты.

Оған Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры Бауыржан Карбеков, осы білім ордасына бекітілген кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі полиция инспекторы және қала әкімдігінің ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» мамандары қатысты.

Сабақ барысында жоғарғы сынып оқушыларына зиянды әдеттердің қауіптілігі ескертіліп, олардан аулақ болу, салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қатысты жазбалар

Алматыда үш есе сальто: мотоциклшінің құлауы видеоға түсіп қалды

AdiletTV

ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІКТІ ЖЕТІЛДІРУ – БАСТЫ МАҚСАТ

admin

ЖАҢАРУ КҮНІНДЕ СОЗАҚ АУДАНЫНДА 4 МЫҢНАН АСТАМ АҒАШ КӨШЕТІ ЕГІЛДІ

AdiletTV

Пікір қалдыру