Қоғам Өңір Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ МЕКТЕПТЕРДЕГІ ЖАЛПЫ КОМПЬЮТЕРЛІК ҚҰРЫЛҒЫЛАР САНЫ – 56746 ДАНА

Шымкентте мектептердегі жалпы компьютерлік құрылғылар саны – 56 746 дана (компьютер – 24 029, ноутбук – 28 516, планшет – 4 201). 2022 жылы 1-сыныпқа 27 000 оқушы қабылдау жоспарланған. Қазіргі уақытта қабылданған оқушы саны – 26 578, яғни 98%-ды құрап отыр.

Шымкент қаласының білім басқармасының басшысы Ж.Тәжиева Ақпараттық–коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкентте жаңа оқу жылында бастауыш сынып оқушылары 100 пайыз ыстық тамақпен қамтамасыз етілетінін мәлімдеді..

– Жаңа оқу жылында мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамту үшін толық жағдай жасалған. 1 және 4 сынып оқушылары 100 пайыз ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі, – деді спикер.

Бүгінде 2022-2023 оқу жылына арналған оқулықтардың, оқу-әдiстемелiк кешендерінің, құралдарының және басқа да қосымша көркем әдебиеттерді сатып алу және оны тасымалдау, жеткізу жұмыстары жүргізілуде.

Брифингте Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Нұргүл Шамшиева  «Лицензиялаудан тек қана жекеменшік балабақшалар өтпейді. Бұл рәсімнен мемлекеттік балабақшалар да өтеді» деп мәлімдеді.

Баспасөз жиынында Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Н.Шамшиева және Шымкент қаласының білім басқармасының басшысы Ж.Тажиева балабақшаларды лицензиялау мен 2022-2023 жж. жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы айтып өтті.

Департамент басшысы Нұргүл Ақылбекқызы, Министрліктің жоспары бойынша бұл 3 кезең бойынша өткізілетінін баяндады. Бірінші кезеңде – жаңадан ашылған мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қамтылады. Мемлекеттік аттестаттау рәсімі өткен жылдың қыркүйек айында қайтадан іске қосылған болатын. Осы мемлекеттік аттестаттау рәсімінен бірінші ретте өте алмаған мектепке дейінгі балабақшалар екінші кезеңде қамтылады. Ал үшінші кезеңде арнайы қауіп-қатерлер жолдамасы арқылы өткізіледі. Қазіргі уақытта әрекет етіп жатқан барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қамтылады. Тағы да айтып өтсем, жекеменшік немесе мемлекеттік деген ұғым болмайды. Бұл барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына қатысты рәсім. Тек, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары емес, орта білім беру ұйымдары, жоғары білім беру ұйымдары, техникалық және кәсіптік білім беру ошақтары арнайы лицензиялаудан өтеді деп қорытындылады.

– Кейбір ұйымдар балабақшаларды лицензиялау туралы ақпаратты дұрыс түсінбейді. Бұл лицензиялау еліміздегі балабақшалардың сапасын көтеріп, балаға қауіпсіз жайлы орта қалыптастыру. Лицензиялау мемлекеттік және жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың дамуына жағдай жасайды.

Сондай-ақ жекеменшік кәсіпкерлер құқығы тапталды деген жаңсақ ой қалыптасқан, бірақ бұл дұрыс емес. Егер балабақшалар видеокамерамен қамтамасыз етілсе, жарық жақсы түсетін болса, тамақ сапасы қадағаланатын болса, ата-аналар балаларын цифрландыру арқылы видеокамералардан көре алатын жағдай болса, өрт қауіпсіздік шаралары сақталатын болса, балабақшалар лицензияланып, жұмысын жалғастыра береді, – деді білім басқармасының басшысы Ж.Тәжиева.

Қатысты жазбалар

Жалпыұлттық бірлік пен толеранттылық – Қазақстанның басты құндылықтары

admin

ШЫМКЕНТ: «ОТБАСЫ БАНК» АҚ-НЫҢ САЛЫМШЫЛАРЫНА 10% КӨЛЕМІНДЕ ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕНЕДІ

admin

45 мың пакет: Маңғыстауда дәріхана нашақорларға бизнес ұйымдастырды

AdiletTV

Пікір қалдыру