Қоғам Өңір Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ «ОТБАСЫЛЫҚ СОТ, ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ МЕН ПРОБЛЕМАЛАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Шымкент қалалық соты, Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мен «Право» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Бақытты отбасы» отбасылық сот жанындағы «Отбасын ресурстық қолдау орталықтарының қызметін ұйымдастыру» АБҚО КеАҚ грантын іске асыру шеңберінде «Отбасылық сот, даму перспективалары мен проблемалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге Шымкент қаласы әкімдігінің, мәслихатының, қалалық, аудандық соттардың, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың өкілдері, авдокаттар корпусының, медиаторлар одағының өкілдері және Шымкент қаласының әлеуметтік және отбасылық даму ұйымдарының басшылары, білім басқармасының, Еңбекші және әлеуметтік бағдарламалар ұйымдарының басшылары, Шымкент қаласы бала құқықтары жөніндегі уәкіл қатысты. Жиында баяндама жасаған Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Ж. Тажиева бүгінгі күнде білім беру мекемелерінде бала тәрбиесіне қатысты жасалынып жатқан жұмыстар барысымен таныстырып, балаларға қатысты отбасында орын алып жатқан қиыншылықтарды анықтау үшін өз ұсыныстарымен бөлісті.

Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты — бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп — үйрететін орта, оның жүрегі – мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс — оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз оқушының ата-атасын білуі, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау — әр мұғалімнің борышы. Мұғалім мен ата-ананың байланыста болуы , оқушының жақсы білім алуымен қатар, продуктивті жұмыс істеуінде маңызды рөл атқарады.

Отбасы — әр адам үшін ең жақын әлеуметтік ортасы, қоғамның маңызды бір бөлшегі. Отбасы бала үшін өмір мектебі, онда алғаш рет қарым-қатынас түрлеріне үйренеді, қоршаған ортамен танысады, мінез-құлық нормаларын меңгереді, адамгершілік қасиеттері қалыптасады және дамиды. Сондықтан да келер ұрпақты тәрбиелей отырып, оларды өмір жолында кездесетін қиыншылықтарға қарсы тұра білуге үйрете білу керек. Отбасында орныққан қарым-қатынас түрі мен қалыптарына сәйкес баланың тұлғалық қасиеттері қаланады. Бала әрқашан да ата-анадан жүрек жылуын, мейірімділікті қажет етеді, ол ата-ананы өмірдің тірегі санайды, оларға қарап бой түзейді, үлгі алады. Балалық шағында отбасында алған, меңгерілген қасиеттер бала бойында өмір бойы сақталады.

Жас адамды саналы, есті, мәдениетті, сергек етіп тәрбиелеу – отбасы мен қоғамдық тәрбие орындарының бірден-бір парызы. Яғни, балаларды тәрбиелеу тек ата-ананың жеке ісі емес, бұған барлық қоғам қызығушылық танытуы керек. Өйткені «Ес түзелмей, ел түзелмейді», олай болса егемен  еліміздің болашағы отбасында тал бесіктен бастау алып,оқу тәрбие орындарында тәрбиеленген саналы ұрпақтың қолында.

Бұл мәселе еліміздің Заңдарында да көрініс тапқан. Қазақстан Республикасының ата заңында «Біздің мемлекеттің ең басты байлығы, қазынасы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» делінген. Осыған сәйкес елімізде адам және оның өмірі үшін барлық жағдайлар жасалып жатыр. Ата заңымызға сүйенсек «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата ананың табиғи құқығы әрі парызы» делінген.

Қатысты жазбалар

Будущие десантники отправились в армию из Шымкента

admin

ТҮРКІСТАНДА ЖЫЛЫЖАЙЫ БАР ЕРЕКШЕ САЯБАҚ САЛЫНЫП ЖАТЫР

AdiletTV

Бір ай бұрын суға кеткен қазақстандықтың денесін балықшылар тапты

AdiletTV

Пікір қалдыру