Жаңалықтар

Шымкентте қоғамдық орндар тегін Wi-Fi желісімен қамтылған

Шымкентте «Ақылды қала» эталондық стандарты негізінде қоғамдық орындарға орнатылған  «Ақылды күнбағыс» ақпараттық кешенінің саны артты. 

Өткен жылы жүзеге асқан жоба биыл да жалғасын тауып «күнбағыс» саны артты. 2020 жылы 20 ақпараттық кешен болса, биыл 30-ға жетті. Олар – Орталық саябағы – 3, Тәуелсіздік саябағы – 6, Металлургтер саябағы – 3, Қошқар ата – 2, Жеңіс саябағы – 3, Дендро саябағы – 3, Абай саябағы – 6, «Ескі қала» Цитадель аумағында – 4.

Бұл жүйе саябақтар мен қоғамдық орындарда тұрғындардың телефондарын қуаттап, жалпыға қолжетімді Wi-Fi пайдалануына мүмкіндік береді. Құрылғы күн көзінен қуат алатын панельдер мен аккумуляторлар арқылы жұмыс жасайды.

Цифрландыру басқармасының мәліметінше, осы жылдың 9 айында «Ақылды күнбағыс» кешенінің қызметін 190 мың адам қолданған. 

Одан бөлек, биыл қоғамдық орындарда ақпарат алмасуды ілгерілету мақсатында қалада 10 орынға 30 тегін wi-fi нүктелері орнатылды.

Атап айтқанда, Бәйдібек би ескерткішінің алаңы – 2, Шымкент қаласы әкімшілік ғимаратының артындағы парктің алаңы – 4, Нұрсат аллеясында (Назарбекова-Бәйдібек би көшелер қиылысы)  – 2, Фонтан «Тюльпан» – 2, Арбатта – 4, Нұрсат №130 мектеп артындағы аллеяда – 2, Наурыз алаңында – 4, Шәмші аллеясында – 2, Дендросаябақта – 6, Қазына саябағында – 2.

Қатысты жазбалар

Шымкент: Инвестиция тарту маңызды іс

admin

22 наурызда ұлттық киімді Петропавл тұрғындары автобустармен тегін жүре алады

AdiletTV

Шымкент: Инвестиция көлемі 400 миллиард теңгеге жетеді

admin

Пікір қалдыру