Жаңалықтар

Шымкенттік жас мемлекеттік грант арқылы логопедиялық кабинет ашқан

Шымкент қаласының тұрғыны Сана Мамырова «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының ІІ-бағыты бойынша қайтарымсыз мемлекеттік грантқа қол жеткізген.

Ол өткен жылы жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркеліп, маусым айында 21 күндік «Бастау бизнес» оқу курсын оқып, сертификат алды. Кейіннен қайтарымсыз грантқа  «Логопед-дефектология кабинетін» ашу бойынша комиссияға бизнес-жоспарын ұсынып, өтінім білдірген.

Нәтижесінде Сананың жобасы мақұлданып, қыркүйек айында 200 АЕК көлемінде грант ұтып алды. Сол қаржыға Темірлан тас жолы бойында орналасқан «Jak-med» медициналық орталықтың ішінен логопедиялық кабинет ашты.

Сана Ердәулетқызы медицина академиясын тәмамдаған дефектолог-логопед. Сонымен қатар,  Ресейдегі Екатеринбург қаласында мемлекеттік медициналық университетте «микрополяризация әдісі» бойынша білім алған жас маман.  Былтырдан бері қаладағы дефектологиялық кемшіліктері бар балаларға логопедиялық сабақ үйретуде.

Кәсібін одан әрі дамыту мақсатында өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында айына бір рет арнайы конкурс ұйымдастырып, жеңімпазға микрополяризация курсын, логопедиялық сабағын тегін ұсынып жүр. Жалпы, аталған мемлекеттік бағдарлама шеңберінде өткен жылы Шымкент қаласында 7 722 адам жаппай кәсіпкерлікті дамыту шарасына қатысты. Оның ішінде 74 адам шағын несие алса, 4828 адам қайтарымсыз мемлекеттік грантқа қол жеткізді. Ал, «Бастау бизнес» жобасы аясында 2820 адам қосымша білім алды

Қатысты жазбалар

Жеңіл өнеркәсіптің дамуы бойынша Шымкенттің республикадағы үлесі 20,7% құрайды

admin

Шымкентте өндірістік процестерді автоматтандыру жұмыстары оң бағаланды

admin

Шымкентте кәсіпкер әйелдердің саны артып келеді

admin

Пікір қалдыру