Шымкент

ШЫМКЕНТ: АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Еңбекші ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жастардан-жастарға ақпараттық керуен» жобасы аясында, Теріскей ауданыда мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Түсіндірме жұмыстарының мақсаты – жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлік бағдарламалары жөнінде ақпараттармен таныстыру.

Түсіндірме жұмыстары барысында аудан жастарына мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламалары: «Жастар практикасы», «Алғашқы бос жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісім-шарты» жөнінде ақпараттар берілді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын шағын несие 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған 2,5% несие жөнінде де толыққанды мағлұматтар айтылып, жадынамалық парақшалар тарқатылды.

Сонымен қоса, “Неке шеберлікті талап ететін іс”, “Жақсы ата-аналар құпиясы, бақытты бала өсірейік» тақырыбында кітапшалар тарқатылып, Жастар ресурстық орталығының жұмысы мен психологиялық кеңес жөнінде ақпараттар айтылды. Айта кетейік, жастар ресурстық орталығы мен Отбасылық кітапхана жүйесінің бірлесе ұйымдастыруымен №50 жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларына, “Жастар мен жасөспірімдердің мазасыздық денгейін диагностикалау” тақырыбында арт-терапиялық семинар-тренинг өткізілді. Семинар-тренингте проблема ретінде жастарда арасында көптеп табылатын тұлғалық ерекшеліктер, сенімсіздік, қорқақтық, жалқаулық сынды жағымсыз мінез-құлықтардан арылу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, Жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған «Мобильді топ», «Қырғы» базарында мемлекеттік бағдарламалар мен «Неке шеберлікті талап ететін іс» тақырыбында кітапшалар тарқатылып ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Пікір қалдыру