Қоғам Өңір Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: «БАЛАЛАР ЖЫЛЫ» АЯСЫНДА ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫСТАР

Мегаполисте 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауына байланысты, бюджеттен 44,6 млрд.тг. қаржы бағытталып, бастауыш сынып оқушылары 100% тегін ыстық тамақпен, білім ұйымдары оқушылардың қауіпсіздігі үшін бейнебақылау жүйесі, дабыл батырмасы мен турникеттер және І-дәрежелі мамандандырылған күзетпен толығымен қамтылды. Ал, материалдық-техникалық базаны жаңарту үлесі 32% – дан 72%-ға дейін артты.

Оқушыларды қосымша біліммен қамту спорт және мәдениет салалары алғаш рет жан басына қаржыландыру жүйесі арқылы балаларды қосымша біліммен қамту жобасы арқасында үлес бір жылда 49%-дан 76%-ға дейін өсті. Бұл көрсеткіш 2023 жылы 85%, 2025 жылға дейін 100%-ға орындау жоспарланды.

«Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы аясында Қазақстан халқына арнаған Жолдауда көтерген «Балаларды балабақшамен қамтамасыз ету» мәселесі бойынша 2-6 жас аралығында қамту – 89%, 3-6 жас – 100% орындалды. 2025 жылға дейін 105 балабақшаны іске қосу арқылы қажеттілікті түпкілікті шешу жоспарланды.

Мектеп оқушыларының саны жылдан-жылға артып келе жатыр. Соңғы бес жылда 106 мыңнан 245 мың оқушыға немесе 2,3 есеге артты. Алдағы 5 жылда 315 мыңға жуық оқушы болады деп жоспарланды. Осыған орай, 2021-2025 жыл аралығында 101 мектеп салу жоспарланған. Соңғы екі жылда 58 мектеп пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, мемлекет басшысының «Жайлы мектеп» жобасы бойынша Шымкент қаласында 2025 жылға дейін 32 мектеп салу жоспарланып отыр. Соңғы екі жылда жеке инвесторлар жан басына қаржыландыру есебінен 50 мектеп (2021ж-21, 2022ж-29 мектеп) 21 300 орынмен толықты. Алдағы уақытта тағы да 25 мектеп салуға ұсыныстарын білдіруде. Нәтижесінде, үш ауысымда білім беретін мектептер мәселесін 2023 жылы, ал, сынып толымдылығы жоғары (дефицит) мектептер мәселесі 2025 жылы толығымен шешілетін болады.

Айта кетейік, Шымкент қаласындағы 871 білім беру ұйымы 440 мыңға жуық тәрбиеленіші, оқушы мен студенттерді қамтиды (577 мектепке дейінгі білім беруде 77,7 мың тәрбиеленуші, 223 мектепте 245,3 мың оқушы, 38 колледж бен 9 университетте 107,9 мың студент). Шымкент қаласында әрбір үшінші адамның білім жүйесіне қатысы бар.

Қатысты жазбалар

Жаңа спорттық үшінші мегаполистегі құрылыстар

admin

Тоқаев Израильдегі жаңа елшіні тағайындады

AdiletTV

ЕРЕКШЕ БІЛІМДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ БОЙЫНША ПАНЕЛЬДІК СЕКЦИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

admin

Пікір қалдыру