Қоғам Өңір Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: «БАЛАЛАР ЖЫЛЫ» БАЛАЛАРҒА БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛУДА

ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес биылғы жыл «Балалар жылы» болып белгіленді. Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау қажеттігін айта келе, «Балалар жылын» тек ұрандап немесе мереке түрінде атап өту ғана емес, балаларды қорғау мақсатында ең алдымен билік тарапынан денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында нақты іс-шаралар жасалуы керектігін қадап айтты.

Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасында « Бала деген бір бақыт!» атты мерекелік шара өтті. Аурухана әкімшілігі ем алушы балаларға арналған концерттік бағдарлама, көңілді ойындар ұйымдастырып, бағалы сыйлықтар үйлестіріп берді. Бұл шараның басты мақсаты – балалар мен олардың ата-аналары үшін мерекелік көңіл күй сыйлау. Мұндай әр мереке балалар мен олардың туыстарының психологиялық және эмоциялық тұрғыдан байытады.

Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасында қазіргі таңда әртүрлі диагнозбен 18 жасқа дейінгі 300-ден аса бала емделуде. Көптеген балалар мұнда бірнеше күннен, бірнеше аптаға дейін ем алады. Ал жыл басынан бері әр аптаның жұма күні Асардағы балалар ауруханасында бейінді дәрігерлердің қатысуымен Ашық есік күні өтуде.

Сондай-ақ бүлдіршіндерге естен кетпес ерекше қуаныш сыйлауды көздеген ақ халаттылар, мекеме маңайын арнайы декарация құрып ертегілер елінен сыр шертетін кейіпкерлермен безендіріп қойған.

«2022 жылды президентіміз Касым-Жомарт Токаев «Балалар жылы» деп бекітті. Осыған орай балалар ауруханасында медицина қызмет түрі кеңейіп, жаңа ота жасау әдістері енгізілуде. Соның арқасында ауыр дертке шалдыққан науқастар Нұр-Сұлтан, Алматы қаласына сабылмай-ақ өзімізде хирургиялық ем алуда. Бұған қоса жыл басынан бері қалалық балалар клиникалық ауруханасында әр аптаның жұма күні Ашық есік күні өткізілуде. Бүгінгі мерекеде ауруханада жатқан балаларды қуантқымыз келді! Әр бала бақытқа лайықты» -дейді Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасының бас дәрігері Динара Жумадилова.

Қатысты жазбалар

ПОГОНДЫ АРУ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДА ЕҢБЕК ЕТУДЕ

admin

БАЛАЛАР ЖЫЛЫНА ОРАЙ САЙЫС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

admin

Наурыз көже, жәрмеңке және көптеген сыйлықтар: Астанада көктемгі мереке кеңінен аталып өтілуде

AdiletTV

Пікір қалдыру