Қоғам Өңір Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ – ҰЛТ САУЛЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

Мемлекеттің алға қойған мақсат-мүддесін, стратегиялық жоспарларын іске асыратын елдің азаматтары. Сондықтан бірінші кезекте ұлттың саулығы қажет. Ал бұл мақсатты жүзеге асыру үшін ең алдымен бұқаралық спорт пен спорттық инфрақұрылымды дамыту керек. Бұл жөнінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауларында талай мәрте айтып, осы бойынша Үкіметке тиісті тапсырмалар берген-ді.

Биыл Шымкент қаласы Еңбекші ауданында 4 спорт алаңша орнату және 5 спорт алаңшаны қайта құру жұмыстары жоспарда бар. Ауданда бұқаралық спортты дамыту, жастарды спортқа баулу мақсатында 2011-2020 жылдар 85 ашық спорт алаңшасы орнатылған. 2021 жылы 18 спорт алаңшасы орнатылып, жыл қорытындысымен ашық спорт алаңшалар саны 103 дананы құрады.

2022 жылы 4 спорт алаңша орнату және 5 спорт алаңшаны қайта құру жұмыстары жоспарда бар. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу іс-шарасы аяқталу сатысында. Жұмыстар ағымдағы айдың ІІ-ші жартысында басталады деп күтілуде.

Еңбекші ауданы бойынша 630 көпқабатты тұрғын үйлер 435 аулаға біріктірілген. Ауданда 2011-2020 жылдар аралығында кезең-кезеңмен 565 үйдің 373 ауласы абаттандырылған. 2021 жылдан бастап абаттандыру жұмыстары «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында жүргізілуде.  Аулаларды абаттандыру бойынша «Халық қатысатын бюджет» жобасы 2021 жылмен салыстырғанда 1,8 есеге артты. 2021 жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 41 көпқабатты үйдің аулалары абаттандырылып, ойын алаңшалары құрылды.

2022 жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы 2-кезеңмен іске асырылуда. Жекелей қарастырсақ, І-кезеңде 37 жоба бойынша 52 көпқабатты үйдің аулаларын абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату, одан бөлек жеке секторда  6 дана балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары жүргізілуде.

ІІ-кезең бойынша 12 жобаны іске асырып, 21 көпқабатты үйдің ауласын абаттандыру жоспарда бар. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

2023 жылы 21 жобаны іске асыру үшін сметалық құжаттар әзірленді. Одан бөлек 135 жоба бойынша жер телімдерін анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Аудан аумағында күз, көктем мезгілдерінде жауын-шашын суларының басуының алдын алу мақсатында, 2021 жылы 14 мекенжайда 3,3 шақырым ирригациялық арықтар орнатылды.  Ағымдағы жылы жауын-шашын шамадан тыс жауып,                              52 мекенжайда су көлдеу орын алды. Су басудың алдын-алу бойынша  бірінші кезекте 7,3 шақырымды құрайтын 21 мекен-жайға ирригациялық арықтар орнату жоспарланып, бюджеттен қаржы бөлінді. Қазіргі таңда мердігер мекеме «Профиленд» ЖШС-і Қызғалдақ көшесінде жұмыстар жүргізуде. Қалған 31 мекенжайға арық орнату     2023-2025 жылдар аралығында жүргізіледі.

Айта кетейік, ауданда 611 көшелер мен өткелдер,  1 парк 2 сквер, 651 көпқабатты тұрғын үйлер мен 32306 жеке тұрғын үйлер орналасқан. Сонымен қатар, аудан аумағында 43 мектеп, 24 мемлекеттік, 67 жеке меншік балабақшалар, 9 жоғарғы және орта арнаулы оқу орындары, 44 денсаулық сақтау мекемелері, 11 кітапханалар, 9 спорт мекемелері орналасқан.

Қатысты жазбалар

Ұшақ құрастыру кезіндегі ақаулар туралы хабарлаған бұрынғы Boeing инженері өлі табылды

AdiletTV

Шымкент бауырлас қалалары

admin

ЖАС АҚЫНДАРЫМЫЗ ШЫМҚАЛАМЫЗДЫҢ АБЫРОЙЫН АСҚАҚТАТЫП БИІККЕ КӨТЕРДІ

admin

Пікір қалдыру