Қоғам Өңір Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ДӘРІГЕРЛЕР АРДАГЕРЛЕРДІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕКСЕРУДЕН ӨТКІЗУДЕ

Білікті мамандардан құралған дәрігерлер тобы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйіне арнайы барып, медициналық көмек көрсетуде.

Профилактикалық шара кезінде кезінде ақ халаттылар егде жастағыларға медициналық кеңес қана беріп қоймай, диагностикалық тексеру жүргізді.

Ардагерлердің үйінде болған, дәрігерлер құрамында терапевт, хирург, кардиолог, невропатолог, психолог, әлеуметтік көмек көрсететін мамандар бар. Профилактикалық шара кезінде медицина қызметкерлері ЭКГ, қан сараптамасын алып, тексеру жұмыстарын жүргізуде. Медициналық тексеру қорытындысы бойынша дәрігерлер қарттарға нақты кеңестер беріп, қажетті емдеу шараларын тағайындады.

Шымкент қаласы бойынша 4 ҰОС ардагері диспансерлік есепте тұрады. Егде жастағы азаматтар жоспар бойынша жылына екі рет медициналық тексеруден өтіп, көп жағдайда стационар қызметкерлері үй жағдайында медициналық көмек көрсетеді. Мұнан бөлек, денсаулық жағдайына байланысты шипажайға тегін жолдама арқылы сауықтырудан өтіп, қарт кісілерге қажетті дәрі-дәрмектерді медицина мамандары үйіне жеткізіп береді.

Айта кетейік, Шымкент қаласы бойынша зейнеткерлер саны – 84 034 (2021 ж. – 83 217), оның ішінде ҰОС ардагерлер саны – 7 , тыл еңбеккерлері – 2 514 . Көп балалы аналар саны – 55 814 , оның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталғандар –  11 224 . 2022 жылы жоғарыда аталған азаматтарға мереке мен атаулы күндерге арналған бір реттік және ай сайынғы көмек көрсетіледі. Маслихаттың шешіміне сәйкес, зейнет жасындағы азаматтарды санаторлық-емдеумен қамтамасыз ету мақсатында 9 238 ардагерлер мен зейнеткерлерді 3 санаторлық-емдеу (Ақсу-Жабағылы, Денсаулық, Айша бибі) курорттарымен келісім шарттар түзілді. Мамыр айының қорытындысы бойынша 736 зейнеткерге жолдама беріліп санаторлық-емдеу курорттарына жолданып және 8 мыңнан астам өтініш қабылданды. 2500 ардагерге тегін басылымдарға 1-2 жартыжылдыққа жазылуда.

Қашанда үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу дәстүрі – қазақ халқының ата салты екені белгілі. Елімізде қарт адам­дарға деген ықылас жыл сайын артып, мемлекет тарапынан оларға көрсе­тілетін көмектің көлемі де ұлғайып келеді.Дей тұрғанмен, жастық шағын еліміздің гүлденуі мен өркендеп дамуына арнап, маңдай терін төккен аталар мен әжелерге құрмет көрсету тек мемлекет тарапынан ғана емес – бүгінгі жас буынның басты парызы екенін де ұмытпаған жөн.

Қатысты жазбалар

ЕҰУ QR арқылы құжаттарға қол қою функциясын енгізді

AdiletTV

БӘРІНЕ ҚОЛ ЖЕТІМДІ МЕДИЦИНА

admin

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА 37 МЕМЛЕКЕТТІК МЕКТЕП ОРНАЛАСҚАН

admin

Пікір қалдыру