Жаңалықтар

Шымкент: Еңбек мемлекеттік бағдарламасы аясында 1 млрд. теңгеге 70 жоба қаржыландырылды

Қалада кәсіпкерлерге ыңғайлы жағдай жасау үшін «Бизнеске арналған үкімет – Shymkent Invest» кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің бірыңғай орталығы (фронт-офис) құрылған. Мұнда кәсіпкерлер бизнес-жоспарды әзірлеуден бастап жобаны пайдалануға беруге дейін, оның ішінде барлық рұқсат беру құжаттарын қаржыландыру және рәсімдеу бойынша сүйемелдеумен бірге қызмет көрсетеді. Бүгінге фронт-кеңсенің қызметіне 34 мыңнан астам азамат жүгінді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы кәсіпкерлердің жеңілдетілген несиеге қол жеткізуі үшін «Shymkent – Atameken» микроқаржы ұйымы құрылды.

Қала бюджетіне келетін болсақ, мегаполис болғалы бюджет көлемі 4 есеге артты. Ағымдағы жылдың басында бекітілген бюджет 388 млрд. теңге болса, қазір 497 млрд. теңгеге жетті немесе бір жылдың ішінде 109 млрд.теңгеге ұлғайды.

Оның 45 пайызы әлеуметтік салаға бағытталса, 25 пайызы даму жобаларына бөлініп отыр. Бюджет қаражатын ұлғайту арқылы қаладағы біршама өзекті мәселелер шешімін табуда.

Президент атап өткендей, бюджетті жоспарлауда ашықтықты қамтамасыз ету үшін «Халық қатысатын бюджет» жобасы жақсы тәжірибеге айналды. Енді абаттандыру және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының бюджетіндегі «халықтың қатысатын» үлесті 10 есеге арттыруды тапсырды.

Бүгінге қаланың кез келген тұрғыны «электрондық үкіметтің» веб-порталына кіріп, өз ұсыныстарын қалдырып, кері жауап алу мүмкіндігі бар. Ағымдағы жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасын іске асыру аясында 66 жобаға  1,3 млрд. теңге қаржы бөлінді. Аталған жұмыстар келесі жылы да өз жалғасын табатын болады.

Президент өз Жолдауында ұстаздарды қолдау саясатын жалғастыруды, 2025 жылға дейін 1000 мектеп салуды тапсырған болатын. Оның ішінде әрбір 10-шы, ол 101 мектеп, Шымкент қаласында салынатын болады.

Ағымдағы жылы 32 мектептің құрылысы жүріп, 11 764 орындық 25 мектеп пайдалануға берілді. Нәтижесінде апатты мектептер мәселесі толығымен шешіліп, 14 үш ауысымды мектептер саны 9-ға дейін азайды.

2025 жылы қалада үш ауысымды және мектебі жоқ шағынаудандар мәселесі де толығымен шешіледі.

Сонымен бірге, қалада заманауи 500 орындық оқушылар сарайының құрылысы басталды.

Қатысты жазбалар

АЛЫПСАТАРЛЫҚҚА ЖӘНЕ ҚОЛДАН ТАПШЫЛЫҚ ЖАСАУҒА ЖОЛ БЕРМЕУ КЕРЕК

AdiletTV

Шымкенттегі көкөніс сақтау қоймалары қала аумағында өндірілетін өнімнің 80 пайызын сақтауға қауқарлы

admin

Мемлекеттік күзет қызметіне мерзімді әскери қызметшілерді іріктеу басталды

AdiletTV

Пікір қалдыру