Қоғам

ШЫМКЕНТ: Наурыз мерекесіне орай ипподромға автобустар ұйымдастырылады

Жолаушыларға қолайлы болу үшін қоғамдық көліктер белгіленген нүктеден қаланың орталық көшелері арқылы жүріп өтеді.

«Наурыз Шымкенттен басталады» іс-шарасы аясында ипподромға қала тұрғындары мен қонақтарын 5 нүктеден үздіксіз тасымалдау ұйымдастырылады, деп хабарлайды adilettv.kz.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Жол ақысы – 70 теңге. Жолаушыларға қолайлы болу үшін қоғамдық көліктер белгіленген нүктеден қаланың орталық көшелері арқылы жүріп өтеді. Ұлыстың Ұлы күніне арналған “Great Qazaq Games” іс-шарасы Наурыздың 20-23 аралығында өтеді. Көліктер белгіленген аялдамалардан Ипподромға осы күндері қатынайтын болады. Орталық стадион: Уақыты: 08:00-19:00; Автобус саны – 8. Бағыты: Мәделі қожа, А.Байтұрсынов, Т. Рысқұлов, С. Бәйтереков, Қ.Төлеметов көшелері, Бәйдібек би даңғылы, Алматы айналма жолы; Астана алаңы (әкімшілік-іскерлік орталығы) Уақыты: 08:00-19:00; Автобус саны – 7. Бағыты: Н. Назарбаев даңғылы, С.Бәйтереков, Қ. Төлеметов көшелері, Бәйдібек би даңғылы, Алматы айналма жолы; «Шымкент Сити» шағын ауданы: Уақыты: 08:00-19:00; Автобус саны – 3. Бағыты: Алматы айналма жолы; «Тұран» шағын ауданы: Уақыты: 08:00-19:00; Автобус саны – 1. Бағыты №7 көше, Алматы айналма жолы; Тұран-2» шағын ауданы: Уақыты: 08:00-19:00; Автобус саны – 1; Бағыты- №10 көше, Алматы айналма жолы.

Еске сала кетейік, Наурыз мейрамында Шымкент қаласында жаңа иппадром ашылад. Жаңа кешен аумағында 1 500 көрерменге арналған трибуна, ат аренасы бар манеждер, жабық стенд ғимараты, ветеринарлық блок қарастырылған. Ұзындығы 2012 метр жарыс жолы салынған. Көкпарға, атпен секіруге арналған алаңдар кварцты құмдармен, табиғи тастармен безендірілген. Әлемдік стандарттарға сай салынған ипподром Шымкенттегі халықаралық спорт және ойын-сауық жарыстары өтетін орындардың біріне айналмақ.

Қатысты жазбалар

Төтенше жағдайлар министрінен астаналық өрт сөндірушіні марапаттау сұралды

AdiletTV

ШЫМКЕНТ: ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМДЕГІ ЖЕТІСТІКТЕР

admin

ШЫМКЕНТ: ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ-САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ КЕПІЛІ

admin

Пікір қалдыру