Қоғам Өңір Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҰСТАНУҒА ШАҚЫРАДЫ

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері Жастар ресурстық орталығымен бірге нашақорлықтың және АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мақсатында кездесу өткізді. Аталған іс-шараның мақсаты – нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын ұстанып жастарды спортқа баулу.

Басқосуға Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция майоры Бауыржан Карбеков, Серғали-Түркістан РҚБ жоба үйлестірушісі Ержан Әбуталиев, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының» алдын алу бөлімінің мұғалімі Назира Жургенбаева, ШЖҚ Психикалық денсаулық орталығының нарколог-дәрігері Нуршат Тулебаева, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің жаттықтырушысы Ерлан Нурбаев, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы, Қазақстан Республикасының 2 дүркін чемпионы Бексултан Алжанов пен Тастан Үсенбай, Жастар ресурстық орталығының маманы Айжарқын Қалмурзаева және Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінің студенттері қатысты.

Кездесу барысында ЖИТС орталығының қызметкері кәмелетке толмағандар жастар арасында нашақорлық, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселелері жайында толыққанды мағлұмат берді. Сонымен қатар сала мамандары жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Шара барысында сала мамандары нашақорлық індеті жер бетінде миллиондаған адамның өмірін жалмап жатқанын және аталған індеттің шекараны, жасты, нәсілді талғамайтынына тоқталды. Сонымен қатар, есірткіден бойды аулақ салудың маңызын, салауатты өмір сүру салтын ұстанудың маңызды екендігін жеткізді.

Сонымен қатар, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері білім беру ұйымдарында жоғарғы сынып оқушыларына арнап, зиянды есірткі тұтынудың және нашақорлықтың алдын алу мақсатында жүйелі жұмыстар атқаруда. Кезекті іс-шара Шымкент қаласындағы №7 мектеп-лицейінің қабырғасында жалғасты.

Оған Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры Бауыржан Карбеков, осы білім ордасына бекітілген кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі полиция инспекторы және қала әкімдігінің ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» мамандары қатысты.

Сабақ барысында жоғарғы сынып оқушыларына зиянды әдеттердің қауіптілігі ескертіліп, олардан аулақ болу, салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қатысты жазбалар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕ ЖАСТАРЫ ТАРИХИ, МӘДЕНИ ОРЫНДАРДЫ АРАЛАДЫ

admin

САПАЛЫ БІЛІММЕН ҒАНА САНАЛЫ ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕЙ АЛАМЫЗ

admin

Кейт Миддлтоннан қатерлі ісік анықталды

AdiletTV

Пікір қалдыру