Жаңалықтар

Шымкент : Қазығұрт шағын ауданында интернет мәселесі шешімін табуда

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес Қазығұрт шағын ауданында интернет мәселесі шешімін табуда. Бүгінде мұндағы тұрғындарды сапалы интернетпен қамтамасыз ету мақсатында жеке инвестор «Спецавтоматика Сервис» ЖШС арқылы талшықты оптика желісі жүргізілуде.

Атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйімен танысу үшін Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының басшысы Әсет Әбдіраханов аталған аумаққа барып, инвестормен кездесті.

Жоспар бойынша тиісті жұмыстар екі ай көлемінде аяқталып, тұрғындарға сапалы және жоғары жылдамдықтағы интернет қолжетімді болмақ.

Шағын аудан азаматтары жоғары жылдамдықтағы интернет желісіне қосылу үшін +7 705 783 06 80 байланыс нөмірі арқылы өтінім қалдыра алады.

Қатысты жазбалар

Шымкентте жаңа үлгідегі 900 аялдама орнатылады

admin

Орталық стадионда Almaty Copa Run үшінші рет өткізілді

AdiletTV

Шымкент : «Жұлдыз» индустриалды аймағында 50 инвестициялық жоба жүзеге асырылады

admin

Пікір қалдыру