Қоғам Өңір Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ӨНЕР ОРДАЛАРЫНЫҢ БІРІОРЫС ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін Шымкент қаласындағы өнер ордаларының бірі, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» Шымкент қалалық филиалының төрағасы Руслан Шерімов филиал құрамындағы қалалық Орыс драма театрының ұжымымен кездесіп, кәсіподақ мүшелерінің қал-жағдайымен танысып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің өкілдерімен бірге қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Басқосуда бастауыш кәсіподақ мүшелеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет түсінігі, құрылымы, міндеттері мен функциялары жайында ақпарат беріліп, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы кеңінен түсіндірілді.

Іс-шараға қатысқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілі Жазира Әлжанова Тұжырымдаманың негізгі бағыттарын таныстыра отырып, онда зардаптармен күрестен сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жүйелі түрде жоюға, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге, қоғамдық сананы түбегейлі өзгертуге бағытталғандығын атап өтті.

Кездесуде сөз алған салалық кәсіподақтың төрағасы Руслан Шерімов еңбек құқықтарын қорғау бағытында «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» жанынан құрылған «Татуластыру орталығы» және «Заң клиникасының» жұмысына тоқталып, кәсіподақ мүшесі қандай да бір мәселе төңірегінде заңгерлердің көмегіне жүгініп, тегін құқықтық кеңес алуға болатынын жеткізді.

Бұдан бөлек, жиында еңбек қатынастарын реттеу, ұжымдық және еңбек шарттарын сақтау, еңбек қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, жазатайым оқиғалардың алдын алу, жалақы қарыздарын болдырмау, дауларды шешу, медиация жұмыстарын жүргізу жөніндегі сөз қозғалды.

Жиын соңынан сыйлық пен параның айырмасы, жемқорлықты дер кезінде хабарлау, құқықтық сауаттылық жайында сұрақтар қойылып, тұщымды жауап алынды.

Қатысты жазбалар

Ақпан айында инфляция Қазақстандағы тарихи көрсеткіштерден асып түсті

AdiletTV

СӘКЕН БИБОСЫНОВ ЕКІНШІ ОЛИМПИАДАСЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ

AdiletTV

Электрондық темекі тоғызыншы сынып оқушысын реанимацияға алып келді

AdiletTV

Пікір қалдыру