Жаңалықтар

100 мыңға жуық қала тұрғыны наурызды жаңа ипподром аумағында тойлады

⚜️Жыл басы – Наурыз мерекесі биыл Шымкентте «ҰЛЫ ҚАЗАҚ ОЙЫНДАРЫ» этнофестивалімен айшықталды. Жаңа ипподром алаңында үш күн бойына жалғасқан аламан жарыс бірнеше бағытта өрбіді.

⚜️Ұлттық идеология көрініс тапқан ауқымды шарада спорттық жарыстар ұйымдастырылып, ұлттық өнеріміз бен мәдениетіміздің жетістіктері паш етілді.

⚜️Сондай-ақ үздік дизайнерлер көне ғасырдан жеткен ұлттық киім үлгілерін ұлықтаса, аспаздар ұлттық ас мәзірін әзірлеп, Наурызға тарту жасады. Дәстүрлі әншілер мен сахна саңлақтары әннен шашу шашып, халыққа мерекелік көңіл күй сыйлады.

⚜️Ұлыстың ұлы күні 100 мыңға жуық қала тұрғыны Ипподром аумағында татулық пен бірліктің салтанатын құрып, жаппай Әз Наурызды тойлады.

⚜️Бүгінгі мерекеге арнайы қатысқан ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов шымкенттіктерді мейраммен құттықтап, этнофестиваль аясындағы жарыстарды тамашалады.

⚜️Жыл басы Наурыз мерекесінің маңыздылығына тоқталған қала әкімі Мұрат Әйтенов те құттықтау сөз сөйлеп, Ұлыстың ұлы күніне арналған ізгі тілегін жеткізді.

⚜️Қашанда Наурыз шырайлы Шымкенттен басталады. Олай болуы заңды да. Жері шуақты, елі берекелі бұл өңір – қазақылықтың қаймағы бұзылмаған ордасы.

Қатысты жазбалар

Шымкент: Еңбек мемлекеттік бағдарламасы аясында 1 млрд. теңгеге 70 жоба қаржыландырылды

admin

Шымкент қаласы ұлттық санақтың ІІ кезеңін өткізуге толық дайын

admin

Алматыда жер сілкінісінен кейін мектеп жарықшақтармен жабылды

AdiletTV

Пікір қалдыру