adilettv

13 ТОННА КОКАИН ТАСЫҒАНДАРҒА ҚАТЫСТЫ СОТ БАСТАЛДЫ

Алматы қаласында 13 тоннадан астам кокаиннің транзитіне қатысты іс бойынша сот процесі басталды.
Tengrinews.kz мәліметінше, айыпталушылар орындығында шетел азаматтары отыр. Оларға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін. Іс алқабилердің қатысуымен қаралып жатыр.
2025 жылдың қыркүйегінде ҰҚК Алматыда ел тарихындағы ең ірі кокаин партиясын тәркілегенін хабарлаған. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 13 тонна 183 келі болды.
Тергеу деректеріне сәйкес, есірткі жүгі Қазақстан арқылы үшінші елдерге транзитпен жеткізілмек болған. Алайда жүктің нақты қай елден шыққаны ресми түрде жарияланбаған.
Осы іс аясында халықаралық есірткі арнасын ұйымдастырды деген күдікпен екі шетел азаматы ұсталған.
Алдын ала есеп бойынша, тәркіленген кокаиннің қара нарықтағы құны шамамен 2 триллион 197 миллиард теңгеден асады. Сот процесі жалғасуда.
Айта кететін жайт, Қазақстанда есірткіні жасырын орналастырды деп сотталған мыңдаған жазаланушы ертерек бостандыққа шығуы мүмкін

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЖҰМЫС ІЗДЕП ЖҮРГЕН ПЕДАГОГТЕРГЕ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР ҰСЫНЫЛАДЫ

AdiletTV

Премьер-министрдің жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды

admin

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТЕЛЕКӨПІР АРҚЫЛЫ KIA QAZAQSTAN АВТОМОБИЛЬ ЗАУЫТЫН АШТЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз