25.3 C
Shymkent
11 апреля, 2025
adilettv

Қаңтар оқиғаларынан кейін көрінбей кеткен Мамин мен Жақсыбеков Чемпиондар лигасының финалында көзге түсті

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Асқар Мамин мен бұрынғы мемлекеттік кеңесші Әділбек Жақсыбеков Түркияда өткен Чемпиондар лигасының финалдық ойынында көзге түсті. Олар былтырғы Қаңтар оқиғаларынан кейін көрінбей кеткен еді, деп жазады stan.kz.

Мамин мен Жақсыбековті әлдебіреулер стадионның жанындағы қалың жұртшылықтың арасынан байқап қалған. Олар кезекте тұрған секілді. Айта кетейік, финалдық кездесу Стамбулдағы Ататүрік стадионында өткен. Ойын нәтижесі бойынша ағылшындық «Манчестер Сити» командасы италиялық «Интерді» 1:0 есебімен жеңді.

Қаңтар оқиғасынан кейін сол кездегі премьер-министр Мамин басқарған үкімет отставкаға кеткен. 2022 жылдың қыркүйегінде Мамин мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулинмен және Әділбек Жақсыбековпен бірге қызметінен босатылған. Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде жоғарыда аталған үш экс-щенеуніктердің мейрамханада отырған суреті тарап еді. Кейін бұл суретке қатысты пікір білдірген Мамин өздерінің тойда бас қосқанын айтқан.

«Расымен де, өткен жексенбі, 2022 жылдың 4 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласындағы мейрамханалардың бірінде түскі уақытта жақын туыстарымның ұйымдастыруымен қазақтың салт-дәстүріне сай «Сырға салу» рәсімі өтті», – деген Мамин.

Бөлісу

Related posts

ЕҰУ ғылыми әзірлемелер мен идеяларды коммерцияландыру үшін гранттар тағайындады

AdiletTV

Шымкент қаласы: Есірткі қылмысының және нашақорлықтың салдары ескертілуде

AdiletTV

ДОНОР БОЛЫП, ӨЗГЕГЕ ӨМІР СЫЙЛА!

AdiletTV

Leave a Comment