adilettv

Абай облысындағы орман өртіне байланысты қылмыстық іс қозғалды

Абай облысындағы «Семей орманы» резерватындағы алапат өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиевтің айтуынша, қылмыстық іс 292-бап 3-бөлім бойынша, яғни «өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу және оның салдарынан адам өліміне соқтыру» дерегі бойынша қозғалған.

Мемлекет басшысы бұл істі тергеуді Бас прокуратураға тапсырған болатын. Қазір Бас прокуратураның арнайы қызметі аталған қылмыстық істі тергеуге кірісті.

Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды, оған тәжірибелі білікті тергеушілер мен барлық құқық қорғау қызметтерінің жедел қызметкерлері енген. Топ өрт орнында жұмыс істеп жатыр, қазірдің өзінде тергеу жүргізуде. Бұл топты бас прокурордың орынбасарларының бірі басқарады, іс бас прокурордың ерекше бақылауында, — деді Өмірәлиев.

Өмірәлиев лауазымды тұлғалардың немқұрайлылығы бойынша да қылмыстық іс қозғалғанын тілге тиек етті.

Экологияға орасан зор залал келгенін, қызметтік міндеттерін атқару кезінде орман шаруашылығының 14 қызметкерінің қаза табуын ескердік. Осылайша, лауазымды тұлғалардың немқұрайлылығы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғадық, — деді Бас прокурордың орынбасары.

Жандос Өмірәлиев «Семей орманы» резерватында болған қайғылы оқиғаға қатысы бар барлық шенеунік тергелетінін де айтты.

Тергеу енді басталды, дегенмен қылмыстық істі тергеу аясында өз міндеттеріне, қызметіне жауапсыз қараған, өзіне жүктелген міндеттемелерді орындамаған, қайғылы оқиғаға, азаматтардың қаза болуына жол берген лауазымды тұлғалардың барлығы міндетті түрде жауапқа тартылатынын сендіріп айта аламын, — деді ол.

Бөлісу

Related posts

ЖЫЛ БАСЫНАН ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫ 6 ЕСЕГЕ ӨСКЕН

AdiletTV

Мерекелік күндердегі ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесі

AdiletTV

Шымкент қаласының су қорғау және санитарлық аймақтарының шекаралары мемлекеттік кадастр жүйесінде белгіленбеген

AdiletTV

Leave a Comment