Ақпарат Басқада Жаңалықтар Қоғам

Қазақстанда 4 пайыздық автонесие бағдарламасы тоқтатылады

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев мәлім етті, деп жазады ulysmedia.kz.

“4 пайыздық автонесие бағдарламасын қайта жаңартуды жоспарлап отырмыз. Авкөліктерді несиелеу бағытын автобустарды несиелеуге ауыстырмақшымыз. Біз бірнеше өңірге бардық, Талдықорғанда, Оралда болдық. Бүкіл республика бойынша 10525 автобус бар. Олардың көпшілігі тозған. Мәселен, Қостанайда қоғамдық көліктердің 90 пайыздан астамы тозған. Ал Олар мен Талдықорғанда 70 пайызының тозығы жеткен. Қоғамдық көліктерді күніне 9 млн 300 мың қазақстандық пайдаланады екен. Сондықтан осы бағытқа басымдық беруді жөн көрдік”, – деді министр.

 

Қарабаев ел азаматтарына бұдан бұлай жеңілдікпен көлік алу мүмкіндігі берілмейтінін атап өтті.

“Азаматтар көлікті өз ақшасына алады”, – деп нақтылады ол.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Есілдегі көлік жуу орнында полицей мен азаматтық азамат көліктен өлі күйінде табылды

Дональд Трамп президенттік сайлауға қатысуға рұқсат берді

ЖЕТІСАЙДА ОБЛЫС ӘКІМІ ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз