13.3 C
Shymkent
7 октября, 2024
adilettv

Ресейдегі бүлік аяқталды: Пригожинді енді не күтіп тұр?

Қарулы көтеріліс аяқталды: «Вагнер» басшысы колонналардың Мәскеуге қозғалысын тоқтатты және оларды далалық лагерьлерге қайтарған. Қазір Ресейдегі жағдай қандай және құрылым жетекшісі Евгений Пригожинді не күтіп тұр. Tengrinews.kz шолу жасады, — деп хабарлайды Massaget.kz.

24 маусымға қараған түні Вагнер басшысы Евгений Пригожин «әділет маршын» бастап, Мәскеуге әскери колонна жіберіп, бұл шешімді «орыс әскерлерінің вагнершілерге соққы беруінен» деп түсіндірді. Ол басты кінәлілер ретінде қорғаныс министрі Сергей Шойгу мен Бас штаб бастығы Валерий Герасимованы атады.

Владимир Путин үндеу жариялап, жалдамалылардың әрекетін «арқадан пышақ сұғу» деп атады, ал ФСБ қарулы көтеріліс дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

24 маусымда түн ортасына таяп қалғанда Пригожин «Вагнер» ЖӘК жауынгерлері Мәскеуге 200 шақырым жетпегенін және «қан төгілетін сәт келгенін» мәлімдеді.

«Сондықтан, тараптардың бір жағында орыс қаны төгілетінін түсініп, барлық жауапкершілікті сезіне отырып, біз колонналарды бұрып, кері бағытта кетіп бара жатырмыз».

Бұдан бірнеше минут бұрын Беларусь президентінің баспасөз қызметі Александр Лукашенко мен ЖӘК басшысы арасындағы «күні бойына созылған» сәтті келіссөз туралы хабарлады.

Көп ұзамай Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков жағдай мен Кремльде қабылданған шешімдер туралы айтты:

Евгений Пригожинге қатысты қылмыстық іс тоқтатылады, ол Белоруське кетеді;
билік көтеріліске қатысқан «вагнершілерді» қудаламайды;

көтеріліске қатыспаған «Вагнер» ЖӘК жалдамалылары, егер қаласа, Қорғаныс министрлігімен келісім-шартқа отырады;

келіссөздер барысында Қорғаныс министрлігіндегі кадрлық өзгерістер талқыланған жоқ;
Ресей Президентінің үндеулері жоспарланбайды;

«Вагнер» ЖӘК айналасындағы жағдай Ресейдің Украинадағы әрекеттеріне әсер етпейді.
«Беларусь президенті Ресей президентін «Вагнер» басшылығымен келіссөздердің нәтижелері туралы хабардар етті. Ресей президенті қолдап, атқарылған жұмыс үшін алғысын білдірді», — деп хабарлады Александр Лукашенконың баспасөз қызметі.

Терроризмге қарсы операция режимі жойылады. «Вагнер» ЖӘК жауынгерлері алдымен Оңтүстік әскери округінің штаб-пәтерінен, содан кейін қаланың өзінен шыққан.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ОТДАТЬ СВОЙ ГОЛОС ЗА ПРОЦВЕТАНИЕ КАЗАХСТАНА

AdiletTV

ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

AdiletTV

ҚАРАУСЫЗ ҚАЛҒАН ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫ

Пікір қалдырыңыз