1.3 C
Shymkent
25 ноября, 2024
adilettv

Қазақстанның «ішкіш» адамдар көп тұратын өңірлері белгілі болды

Бірінші жартыжылдықта Қазақстан дүкендерінен коньяк 2,4 есе, арақ, ликерлер мен шарап 29,4% көп сатып алынған. Бұл ретте шампан (-3,2%) мен сыраны (-6,2%) тұтыну төмендеді. Дегенмен сыра барларда, мейрамханаларда және дүкендерде сатылатын алкогольдің 80%-ына тең.

2023 жылдың екінші тоқсанында қазақстандықтардың алкогольге жұмсаған шығыны 13,1% өсті. Сәуір-маусым айларында алкогольге жұмсалған шығын жан басына шаққанда шамамен 1,5 мың теңге болды (бұл елдің барлық тұрғынын, оның ішінде ішпейтіндерді, балаларды және тағы басқаны есептегенде орташа көрсеткіш). Шығыс Қазақстан облысы ең көп «ішетін» аймақ саналды.

«2023 жылдың екінші тоқсанында Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары алкогольге ең көп қаражатты жұмсаған. Республика бойынша жалпы шығын 1,5 мың теңге болса, Шығыс Қазақстан облысында 2,2 есе көп: отбасы бюджетінен 3,4 мың теңге. Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындары да жоғары деңгейде қалды: 3,1 мың теңге, қарағандылықтардың (2,9 мың теңге) және алматылықтардың (2,8 мың) шығыстары да осы сомаға жақын болды», — деп хабарлайды Energyprom.kz.

Алкогольге жұмсалатын шығынның аздығына қарағанда, ішімдікке ең немқұрайлы қарайтындар – Маңғыстау облысының тұрғындары. Бұған дейін Қазақстанда 1 қазаннан бастап күшті алкоголь бағасы қымбаттайтыны белгілі болған.

Бөлісу

Related posts

Геннадий головкин – ҰОК президенті.

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

Түркістан облысы: МӘМС 2024 жылы жұмыс берушілер мен бірнеше жерде жұмыс істейтін адамдар қанша жарна төлейді?

AdiletTV

КАЗАХСТАНСКО-РУМЫНСКОЕ ЯДЕРНОЕ СОТРУДНИЧЕСТВО: ИНТЕРВЬЮ С ГЕНЕРАЛЬНЫМ ДИРЕКТОРОМ NUCLEARELECTRICA КОСМИНОМ ГИТОЙ

AdiletTV

Leave a Comment