-0.7 C
Shymkent
27 декабря, 2024
adilettv

ҰҚК арнайы операциясы: Қазақстанда ұйымдасқан қылмыстық топтың 72 мүшесі ұсталды

2023 жылғы 5 қазанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесе және Бас прокуратураның үйлестіруімен бір мезгілде Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарында арнайы операция жүргізді, деп жазады aspan.info.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, операция барысында қару мен есірткіні заңсыз сақтауға, бопсалауға, заңсыз көші-қон арналарын ұйымдастыруға және өзге де ауыр қылмыстар жасауға күдікті топтардың 72 мүшесі тергеу амалдарын жүргізу үшін жеткізілді.

Топтар өз әрекеттерін Қытаймен («Қорғас» ХШЫО), Өзбекстанмен («Жібек жолы» өткізу пункті) және Қырғызстанмен («Қордай автомобильдік» өткізу пункті) шекаралас учаскелерде жүзеге асырған.

Тінту барысында атыс қаруы оқ-дәрілерімен, ірі ақша қаражаттары, есірткі, сондай-ақ өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

«Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды»,-делінген ҰҚК баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Бөлісу

Related posts

Қазақстанның «ішкіш» адамдар көп тұратын өңірлері белгілі болды

Шымкенттік тәртіп сақшылар оқушыларға құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында сабақ өткізді.

AdiletTV

Закон и порядок: МВД усиливает меры борьбы с коррупцией

AdiletTV

Leave a Comment