16.3 C
Shymkent
20 сентября, 2024
adilettv

ШЫМКЕНТ: аппарат басшысы тағайындалды

Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысы тағайындалды, деп хабарлайды ADILETTV.KZ.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, қала әкімінің өкімімен Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысы лауазымына Сейтенов Ержан Іргебайұлы тағайындалды. Ол 1974 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында туған. Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің түлегі, құқықтану магистрі.

Ержан Іргебайұлы еңбек жолын 1990 жылы Жаңақорған темір-бетон конструкцияларын өндіретін кәсіпорында жұмысшы болып бастап, жеке секторда жауапты басшылық қызметтер атқарған.
2016-2021 жылдар аралығында Алматы қаласының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау, Жасыл экономика, Тұрғын үй саясаты басқармаларының басшысы. 2021-2023 жылдары Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі лауазымында қызмет атқарды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҒҰСМАН ҚЫРҒЫЗБАЕВ 66 КЕЛІДЕ ҚОЛА МЕДАЛЬ АЛДЫ

AdiletTV

Қазақстанның «ішкіш» адамдар көп тұратын өңірлері белгілі болды

ПОЛИЦЕЙЛЕР БІР МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН АСАТЫН ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕМЕКІ ТӘРКІЛЕДІ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз