15.9 C
Shymkent
7 октября, 2024
adilettv

Шымкентте көлік қағып кеткен 9 жасар бала қаза болды

Шымкент қаласында мектеп оқушысын қағып кеткен жүргізуші қамауға алынды, деп хабарлайды ADILETTV.KZ.

7 қазан кешкі сағат 18:45 шамасында Арғынбеков көшесінің бойында «BMW-530» маркалы автокөлігінің жүргізушісі кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып, жол көлік оқиғасын жасаған. Салдарынан 9 жасар бала оқиға орнында қайтыс болды.

Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда адам өліміне әкеп соққан бұзуы» бойынша тіркелді.

Анықтаушылар қажетті сараптамалар тағайындады. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Алдағы уақытта іс сотқа жолданады. Полиция қызметкерлері қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін жол қозғалысына қатысушылардан жол ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Тимур Елеусизов мәслихат сессиясында боғауыз сөз айтты: Алматыда депутат қалай жазаланды.

ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ ЖОЛ АҚЫСЫ КӨТЕРІЛМЕЙДІ

ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ-КЕЛЕШЕКТІҢ ҚАМЫ!

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз