6.3 C
Shymkent
21 ноября, 2024
Жаңалықтар Қоғам Спорт

Тоқаев Головкинді Ақордада қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинді қабылдады, — деп хабарлайды Aspan.info тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Ұлттық Олимпиада комитетінің алдағы жұмысындағы бірқатар басымдықтарға назар аударды.

Елбасы ең алдымен Халықаралық Олимпиада комитеті аясындағы сенімді және тиімді қарым-қатынастарды нығайтудың маңыздылығына тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құрама спортшыларын алдағы ХХХІІІ Жазғы Олимпиада ойындарына дайындауға байланысты үлкен жауапкершілікті атап өтті. Мемлекет басшысы лицензиялар санын көбейтіп, Парижде сәтті өнер көрсететін тиімді жүйе құруды маңызды міндет деп атады.

Мемлекет басшысы спортшылардың өзін-өзі танытуы үшін барынша қолайлы жағдай жасап, отандық спорттың іргетасына нұқсан келтіретін келеңсіз құбылыстарды жою қажет деп санайды. Оның айтуынша, ұлттық құрамаға іріктеуде әділеттілік қамтамасыз етілуі керек.

Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкиннің кәсіби шеберлігі мен мол тәжірибесі елдегі олимпиадалық спортты дамытудағы өзекті мәселелерді тиімді шешуге ықпал ететініне сенім білдірді.

Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі атап өткендей, Геннадий Головкин Қазақстан Президентіне сенімі мен қолдауы үшін алғыс айтты.

Бөлісу

Related posts

Қазақ публицисті Сейдахмет Құттықадам қайтыс болды

Мәжіліс Төрағасының Ресей Федерациясына ресми сапары басталды

admin

Аса ауыр қылмыстар үшін айыпталушылар сотта мәміле жасай алады

Leave a Comment